457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Илон Маск мемлекеттік қызметтен кетті

Илон Маск 29 мамырға қараған түні Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында мемлекеттік қызметтен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

"Арнайы үкіметтік қызметкер ретіндегі өкілеттігімнің мерзімі аяқталып келе жатқандықтан, маған ысырапшыл шығындарды қысқартуға мүмкіндік бергені үшін Президент Дональд Трампқа алғыс айтқым келеді", – деп жазды ол.

Кәсіпкер сондай-ақ өзі басқарған Үкімет тиімділігі департаментінің (DOGE) "миссиясының" болашағына күмәні жоқ екенін айтты. Оның пікірінше, бұл бастама уақыт өте келе нығайып, бүкіл үкімет жұмысының өмір салтына айналады.

Еске салсақ, бір күн бұрын Илон Маск бұрынғы басшысы Трампты сынға алған еді.

Фото: Jose Luis Magana/AP Photo/picture alliance