Илон Маск Үкімет қызметкерлерін жұмыстан кетірем деп қорқытып жатыр

Malim Админ

  • 25.02.2025

АҚШ-тың жаңадан құрылған үкіметтік тиімділік департаментін (DOGE) басқаратын америкалық миллиардер 22 ақпандағы әрекетін тағы қайталады. Бұл туралы DW ақпарат агенттігіне сілтеме жасап Malim.kz 

Сол кезде АҚШ федералды үкіметінің екі миллионнан астам қызметкері DOGE-дан соңғы аптада жұмыста жеткен бес жетістігін 48 сағат ішінде жазуды талап еткен хат алды.

Мерзім аяқталған кезде Маск Х әлеуметтік желісінде былай деп жазды:

Президент оларға тағы бір мүмкіндік беруі мүмкін. Егер олар екінші рет жауап бермесе, жұмыстан шығарылады.

Масктың талабы көптеген ведомстволарда, атап айтқанда ФТБ, Мемлекеттік департаментте және Пентагонда наразылық тудырды, деп атап өтті AP агенттігі. Бұл ведомстволардың қызметкерлеріне DOGE хаттарына жауап бермеу бұйырылды. Мемлекеттік қызметкерлердің адвокаттары Калифорниядағы федералды сотқа Масктың әрекетіне қарсы шағым түсірді.

Бұған дейін Трамп Маскты DOGE жұмысын жандандыруға шақырған болатын.

Илон керемет жұмыс істейді. Бірақ мен оның агрессивті әрекет ете бастағанын қалаймын. Есіңізде болсын, біз елімізді сақтап қалып, содан кейін оны бұрынғыдан да гүлдендіруіміз керек, - деп жазды ол Truth Social әлеуметтік желісінде.

Фото: Wikipedia  

Байланысты жаналықтар

Украинада мобилизация мерзімі тағы ұзартылды

16.04.2025

Байден биліктен кеткеннен кейін Трамптың саясатын алғаш рет сынады

16.04.2025

Нигерияда жыл басынан бері безгектен 127 адам мерт болды

16.04.2025

Зеленский: Түркияда Қара теңіздегі қауіпсіздік келіссөзі жүргізіледі

16.04.2025

Ақ үй БҰҰ мен НАТО-ны қаржыландыруды тоқтатуды ұсынды

15.04.2025

Тек әйелдерден құралған экипаж ғарышқа ұшып-келді

15.04.2025
MalimBlocks