Иран әуе кеңістігін жапты. Ұшақтар Ташкент әуежайына қонып жатыр

Иран әуе кеңістігінің уақытша жабылуына байланысты халықаралық рейс орындаған бірнеше ұшақ Өзбекстан астанасындағы қосалқы әуежайларға қонып жатыр. Бұл туралы Kazinform агенттігіне сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды.
Ресми мәліметке сәйкес, бүгін «Ташкент-Джидда» бағыты бойынша рейс орындаған Uzbekistan Airways әуекомпаниясының ұшағы Ташкентке қонды.
Сонымен қатар Ташкенттен Дубайға бағыт алған Fly Dubai әуекомпаниясының ұшағы Өзбекстан астанасына аялдады. Жолаушылар әуежай терминалына уақытша орналастырылды.
Сондай-ақ «Алматы-Шарм-эль Шейх», «Сеул-Доха» бағытында жолаушылар тасымалдайтын Air Cairo және Qatar Airways компанияларына тиесілі ұшақтар да Ташкент әуежайына қонды. Ал «Ташкент – Доха» рейсінің уақыты кейінге шегерілді.
Еске салайық, 13 маусымға қараған түні Израильдің әскери-әуе күштері Иранға соққы жасады. Кейін ресми Иерусалим төтенше жағдай режимін жариялап, өзінің әуе кеңістігін жапты.
Фото: tripadvisor.ru

Ең көп оқылған
