Иран Израиль шабуылына әлдеқайда күшті жауап қайырмақ

Оған сол төңіректегі Израильге қарсы күштер де қосылмақ

Мәди Саматұлы

  • 02.11.2024

Иранның Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесі Иранның нысандарына 26 қазан күнгі жасалған соққыға жауап ретінде Израильге әскери шара қолдану туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Иран Меджлисінің ұлттық қауіпсіздік комитетінің мүшесі Эсмаил Косари мәлімдеді. Оны Didban Iran порталы келтіріп отыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Косаридің айтуынша, кейбір үкімет өкілдері мен басқа тұлғалар Израильге жауап қайтармаймыз десе де шешім қабылдау құқығы олардың қолында емес.

Сионистік режимге әскери жауап беру туралы шешімді Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесі қабылдады, деп мәлімдеді Косари.

Сондай-ақ, ол Иранның әскери жауабы алдыңғыларынан әлдеқайда қуатты болатынын және Біріккен күштер қарсылығының қатысуымен жүзеге асатынын атап өтті.

Аймақтағы қарсылық топтары біздің қарулы күштерімізбен бірлесе отырып, сионистік режимге жауап беруге дайын болады. БК қарсылығы мүшелері операция алдында өз пікірлерін білдіргісі келсе, шешім қабылданғанға дейін хабарлауы керек. Осылайша, Иранның әскери жауабы қарсылық күштерімен бірлесе жүзеге асырылады, деді Косари.

Косаридің сөзінше, уақыты пен көздеу мақсаттарын анықтау жауапты тұлғаларға жүктеледі.  

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Ресей Украинаға 200-ден аса дронмен шабуыл жасады

18.05.2025

Израильдің Газаға жасаған шабуылынан 10 палестин азаматы қаза тапты

11.05.2025

Үндістан мен Пәкістандағы қазақстандықтар эвакуациялана ма? СІМ жауабы

08.05.2025

Үндістанның Пәкістанға жасаған әуе шабуылынан 31 адам қаза тапты

08.05.2025

Үндістан Пәкістанға шабуыл жасады

07.05.2025

АҚШ хуситтерге шабуылды тоқтататын болды

07.05.2025
MalimBlocks
Ресей Украинаға 200-ден аса дронмен шабуыл жасады

Израильдің Газаға жасаған шабуылынан 10 палестин азаматы қаза тапты

Үндістан мен Пәкістандағы қазақстандықтар эвакуациялана ма? СІМ жауабы

Үндістанның Пәкістанға жасаған әуе шабуылынан 31 адам қаза тапты

Үндістан Пәкістанға шабуыл жасады

АҚШ хуситтерге шабуылды тоқтататын болды

Бұл туралы Трамп Канада премьер-министрімен кездесуінде айтты