Израиль алғаш рет Бейрутқа соққы берді. Төрт қолбасшы қаза тапты

Вашингтон қақтығысты дипломатиялық жолмен шешуге шақырып отыр

Мадина Қайнарова

  • 30.09.2024

Израиль алғаш рет Бейрутқа соққы берді. Салдарынан мұндағы әскери топтардың төрт көшбасшысы қаза тапты.

ХАМАС дүйсенбі күні Ливанда көшбасшыларының қаза тапқанын мәлімдеді. Ал палестиналық тағы бір әскери топ Бейрутқа жасалған шабуылдан соң үш бірдей қолбасшысынан айырылғандарын хабарлады. Бұл - осы қақтығыс басталғалы бері Ливанның астанасына жасалған алғашқы соққы.  Бұған дейін израильдік әскерилер негізінен «Хезболланың» нысандары орналасқан Бейруттың оңтүстік аудандарына шабуылдайтын. 

AFP мәліметі бойынша, қаза болғандардың қатарында Палестинаны азат ету халықтық майданының қауіпсіздік қызметінің басшысы Мохаммад Абдель-Ааль бар. Палестинаны азат ету халықтық майданы – бұл Изральге қарсы күреске қатысып жатқан әскери топ (АҚШ, Канада, ЕО және Ұлыбританияда террористік ұйым деп танылған).

ХАМАС-тың хабарлауынша, олардың көшбасшысы Фатех Шериф Абу эль-Амин Ливанда әйелі, ұлы және қызымен бірге мерт болған.

Ал Израильдің қорғаныс армиясы бұл хабарламаларға әлі түсініктеме берген жоқ. 

Израильдің бомбалауынан салдарынан соңғы екі аптада «Хезболланың» бірнеше жоғары шенді мүшелері қаза тапты, оның ішінде топтың жетекшісі Хасан Насралла бар. Ол сенбіде Бейрутта өлтірілді. Насралла «Хезболланы» 1992 жылдан бері басқарып келген.

Жексенбіде Израиль Йемендегі хуситтердің позицияларына және Ливандағы «Хезболланың» ондаған нысандарына әуе шабуылдарын жасады.

Хусит шенеуніктері елдің батысындағы электр станциялары мен теңіз портына жасалған соққылардың салдарынан төрт адам қаза тауып, тағы 33 адам жарақат алғанын хабарлады. 

Израиль билігі мұны хуситтердің соңғы шабуылдарына қайтарылған жауап деп атады. Олардың мәліметтері бойынша, ирандық қару-жарақты тасымалдау үшін пайдаланылатын нысандар жойылды.

Хуситтердің жоғарғы саяси кеңесі Израильдің бұл әрекетін «қатыгез агрессия» деп атап, оған міндетті түрде жауап беретіндерін мәлімдеді.

Жексенбіде Израильдің әскери күштері Ливанның оңтүстігінде және елдің басқа аймақтарында «Хезболла» позицияларына шабуылды жалғастырды. Барлығы 120 нысанға соққы берілді.

Ливан билігі 105 адам қаза тауып, 350 адам жарақат алғанын хабарлады. Ливанның Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, соңғы екі аптада мыңнан астам ливандық қаза тауып, 6 мың адам жараланған, бірақ оның ішінде қаншасы бейбіт тұрғын екені белгісіз. Сонымен қатар миллион адам үйлерінен кетуге мәжбүр болған. Бұл - ел халқының бестен бір бөлігі.

Ал Израиль шабуылдарды жалғастыруға уәде берді. Олар елдің солтүстік аймақтарын қауіпсіз еткісі келетінін мәлімдеді. Себебі мұндағы тұрғындар «Хезболла» зымырандарының үнемі атқылауына байланысты жерін тастап кетуге мәжбүр болған.

Вашингтон қақтығысты дипломатиялық жолмен шешуге шақырып отыр. АҚШ президенті Джо Байден бір күн бұрын журналистердің Таяу Шығыстағы ауқымды соғыстан құтылу мүмкін бе деген сұрағына: «Бұл қажет», - деп жауап берді. Ол сондай-ақ жақын арада Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен сөйлесуді жоспарлап отырғанын хабарлады.

 

Дереккөз және фото: bbc.com

Байланысты жаналықтар

Ол жақында өледі, мұнымен бәрі бітеді - Зеленский Путин туралы

27.03.2025

АҚШ-пен келіссөздер нәтижелі болды - Умеров

24.03.2025

Эр-Риядта Украина мен АҚШ делегацияларының кездесуі басталды

24.03.2025

Қытай Украинаға әскер жіберуі мүмкін

23.03.2025

АҚШ Украина мен Ресей туралы келіссөздерін қайда жүргізеді?

21.03.2025

Израиль президенті Тоқаевты Наурыз мерекесімен құттықтады

20.03.2025
MalimBlocks
Ол жақында өледі, мұнымен бәрі бітеді - Зеленский Путин туралы

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путиннің мақсаттары мен қорқыныштары туралы айтты

АҚШ-пен келіссөздер нәтижелі болды - Умеров

Украинаның қорғаныс министрі Рустем Умеровтың айтуынша, Сауд Арабиясында өткен кездесуде екі елдің делегациялары маңызды мәселелерді талқылады

Эр-Риядта Украина мен АҚШ делегацияларының кездесуі басталды

Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта Украина мен АҚШ делегацияларының кездесуі басталды

Қытай Украинаға әскер жіберуі мүмкін

Қытай Украинадағы бітімгерлік күштерге қатысу мүмкіндігін қарастырып жатыр

АҚШ Украина мен Ресей туралы келіссөздерін қайда жүргізеді?

24 наурызда Эр-Риядта Украина мен Америка делегацияларының кездесуі өтеді. АҚШ өкілдері кездасу аяқталысымен ресейлік тараппен келіссөз жүргізеді,

Израиль президенті Тоқаевты Наурыз мерекесімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті