Израиль Сириядағы әскери нысандарға шабуыл жасады

Израиль Сириядағы әскери нысандарға соққы жасады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі DW.com сайтына сілтеме жасап.
Хабарламада әуе шабуылы «жер–әуе» санатындағы зенит қару-жарақтарға бағытталғаны айтылған. Израиль қорғаныс армиясының (ЦАХАЛ) Telegram-арнасында ЦАХАЛ «елдің бейбіт халқын қорғау үшін қажет болған жағдайда әрекет етуді жалғастырады» деп мәлімдеді.
Сондай-ақ, Сирия аумағында жарақат алған бес сириялық топ Израильге емдеуге эвакуацияланғаны хабарланды. ЦАХАЛ Сирияның оңтүстігіндегі друздар тұратын ауылдарға дұшпан күштердің енуіне жол бермеуді көздеп отыр және жағдайды бақылауды жалғастырып жатыр.
Фото: Pixabay.com
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
