457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Калифорнияда орман өртіне байланысты апатты жағдай жарияланды

АҚШ президенті Джо Байден Калифорнияда кем дегенде бес адамның өмірін қиған орман өртіне байланысты Италияға сапарын тоқтатты. Сондай-ақ ол штатта апатты жағдай жариялады. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер таратқан мәлімдемеде айтылған, деп хабарлайды ресейлік ТАСС ақпарат агенттігі.

- Президент Байден бүгін полиция, өрт сөндірушілер және аймақтағы тарихи орман өртімен күресіп жатқан төтенше жағдайлар қызметкерлерімен кездесіп, Калифорнияда төтенше жағдай жарияланғаннан кейін президент Байден кешке Лос-Анджелеске оралып, Италияға алдағы сапарын тоқтатуға шешім қабылдады, - делінген құжатта.

Осыған деін Калифорния билігі орман өртінен қаза тапқандар саны бес адамға жеткені жазылды.

- Бүгін біз екі адамның өлгені туралы хабарлаған едік. Өкінішке қарай, олардың саны бес адамға жетті, - деді Лос-Анджелес округінің шерифі Роберт Луна.

Оның айтуынша, жалын әлі ауыздықталған жоқ, зардап шеккендер саны артуы мүмкін.

Фото: report.az