Киев те, Мәскеу де капитуляция жасамайды - Амангелді Құрметұлы

Соғыс бұдан әрі өрши берсе, барша адамзатқа, ең алдымен, Ресей-Украина қақтығысына тікелей қатысы бар мемлекеттерге салдары өте ауыр тиеді

Арман Қайыпхан

  • 16.09.2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруын қабыл алып, Қазақстанға ресми сапармен Германия Канцлері Олаф Шольц келді. Осы сапарқа қатысты журналист Амангелді Құрметұлы пікір білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Германия канцлері Олаф Шольц Орталық Азияны аралап жүр. Кеше жексенбі екеніне қарамай Өзбекстанда  болған, бүгін Астанаға келді. Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, біраз дүниені талқылапты. Соның ішінде Украина мен Ресей арасындағы соғысқа  қатысты Қ.Тоқаевтың ұстанымын сұраған сияқты. Ақорданың ресми сайты «Кездесуде Олаф Шольцтің өтінішімен Қасым-Жомарт Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдайды реттеуге байланысты пікірін жеткізді» деп жазыпты, - дейді журналсит. 

Қазақстан  басшысы «Әскери тұрғыда Ресейдің жеңілмейтіні анық. Соғыс бұдан әрі өрши берсе, барша адамзатқа, ең алдымен, Ресей-Украина қақтығысына тікелей қатысы бар мемлекеттерге салдары өте ауыр тиеді. Өкінішке қарай, Ыстанбұл келісімін бекітуден бас тартып, татуласуға қол жеткізетін оңтайлы мүмкіндікті уыстан шығарып алды. Дегенмен бейбітшілік орнатуға әлі де мүмкіндік бар. Түрлі мемлекеттердің барлық бейбіт бастамаларын мұқият қарап, әскери іс-қимылдарды тоқтату туралы келісімге келу керек. Содан кейін территориялық мәселелерді талқылаған жөн. Біздіңше, Қытай мен Бразилияның бейбітшілік жоспары қолдауға тұрарлық. Мемлекеттер басшылары келеді, кетеді. Ал халық, әсіресе көршілес халықтар бейбіт әрі бір-бірімен түсінісіп өмір сүруі керек. Қазақстанның Ресеймен дүние жүзі бойынша құрлықтағы ең ұзын шегенделген шекарасы бар. Біздің елдеріміз арасындағы ынтымақтастық стратегиялық серіктестік пен одақтастық аясында дамып келеді.

Қазақстандықтар украин халқы мен оның төл мәдениетіне шынайы құрметпен қарайды. Қазақстан мен Украина арасында ешқандай келіспеушілік болған емес. Киевте Елшілігіміз әлі де жұмыс істеп жатыр» деген. 

Әрине біраз жұрт «әскери тұрғыда жеңілмейді» дегенге ерекше назар аударатын шығар. Егер классикалық  үлгіде "жеңіліс" деп толық капитулация жасау жөніндегі құжатқа қол қоюды алсақ, меніңше ол мүмкін емес. Бұл ұстаным екі жаққа да қатысты. Киев те, Мәскеу де капитуляция жасамайды. Бірақ дипломатиялық жолмен бір-бірінің жерін босатып, келіссөз жасау мүмкіндігі толық жойылған жоқ. Оның өзінде өте қиын, ұзаққа созылған келіссөздер болуы мүмкін. Майданда екі ел итжығысқа түсіп жатыр. Курск жақта украиналықтар басып алған біраз жер бар, Украинаның  бірнеше облысы әлі ресейліктердің қолында. Сол себепті Президенттің Германия канцлеріне берген жауабын байсалды түрде қабылдаған жөн шығар, - дейді ол.

Тоқаевтың «Түрлі мемлекеттердің барлық бейбіт бастамаларын мұқият қарап, әскери іс-қимылдарды тоқтату туралы келісімге келу керек.

Содан кейін территориялық мәселелерді талқылаған жөн» дегеніне назар аудардым өз басым. Әрі  «Мемлекеттер басшылары келеді, кетеді. Ал халық, әсіресе көршілес халықтар бейбіт әрі бір-бірімен түсінісіп өмір сүруі керек» дегені де көңілден шықты. Тұспалдап әдемі жеткізді негізі. Осылайша Қазақстан Еуропадағы қақтығыс кезінде бейтарап қалатынын тағы көрсетті меніңше, - деп санайды ол.

Оның айтуынша, бәрібір БҰҰ жарғысын алға тартамыз.

Әу бастан сондай позициядамыз. БҰҰ жарғысы бойынша аумақтық тұтастық сақталуы керек. Біздің жақ соны да тұспалдаған сияқты. Оны Шольц те, нөкерлері де  түсінген болар деп үміттенемін. Ең бастысы Еуропадағы экономикасы қуатты елдің басшысы келіп, өзара қарым-қатынастарды пысықтап кеткені жөн болды. Біз сауда-сатығымызды жасай береміз. Соғыста бір тарапты жақтайтын ниетіміз жоқ. Айтпақшы, Шольцпен бірге  Siemens Energy AG, CLASS Group,  DB E.C.O, SVEVIND  Energy GmbH,   Aurubis AG, HMS Bergbau AG, Herrenknecht AG қатарлы компаниялардың өкілдері келіпті. Логистика,  кен барлау, бұрғылау, энергетика  және басқа  салаларда жүрген  компаниялар екен. 
Әлбетте  Rheinmetall мен ThyssenKrupp-ты, Diehl-ді күткен жоқпын. Олар жоламайды-ау біздің жаққа. Бірақ "Hensoldt,  Rohde & Schwarz сияқтылардың өкілдері келді ме екен?",- деп іздегем. Жоқ екен.  Француздардың Thales-інен радар алғанымыз сияқты,  бұлардан да бірдеңе дәметкен түрім ғой, - деп қорытындылады өз пікірін журналист. 

Фото: aa.com.tr, Ақорда

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Ауыл шаруашылығы министріне бірқатар тапсырма берді

14.10.2024

Қазақстан азаматтығын алатындарға қазақ тілін білу міндеттелді

14.10.2024

Зеленский Солтүстік Корея Украинаға қарсы соғысуға әскер жібергенін айтты

14.10.2024

Қазақстан мен Ресей энергетика саласындағы қатынасты нығайтуға ниетті

11.10.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов шағын құрамда келіссөз жүргізді

10.10.2024

Тоқаев Ашхабадта Абайға арналған ескерткіш ашты

10.10.2024
MalimBlocks
Тоқаев Ауыл шаруашылығы министріне бірқатар тапсырма берді

Қазақстан азаматтығын алатындарға қазақ тілін білу міндеттелді

Зеленский Солтүстік Корея Украинаға қарсы соғысуға әскер жібергенін айтты

Ресей мен Солтүстік Корея арасында әскери одақ күшейіп келе жатыр

Қазақстан мен Ресей энергетика саласындағы қатынасты нығайтуға ниетті

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов шағын құрамда келіссөз жүргізді

Тоқаев Ашхабадта Абайға арналған ескерткіш ашты