457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Киевке әскери көмек көрсету ісі: Словакияда 8 адам ұсталды

Словакия полициясы 8 адамды, оның ішінде елдің Қорғаныс министрлігінің төрт шенеунігін Украинаға көмек қаражатын мақсатсыз пайдалану ісі бойынша ұстады, деп хабарлайды Reuters агенттігі.


Істі Еуропалық прокуратура қозғаған. Оған себеп — Украинадағы соғыс басталған 2022 жылдың басында мемлекеттік Konstrukta қорғаныс компаниясынан 12 мың миномет снарядын сатып алу болған. Прокуратураның пікірінше, оқ-дәрілер қымбат бағада алынған. Қаражатты мақсатсыз пайдалану сомасы 7,4 миллион еуроны құрауы мүмкін деп есептейді прокуратура.

Фото: Ken Cedeno/AFP/Getty Images