Курск картасы: Отты ауыз «айдаһар» және Боркидегі бұрылыс

Арман Қайыпхан

  • 04.09.2024

Журналист Нұргелді Әбдіғани Ресейдің Курск аймағында болып жатқан жағдайға сараптама ұсынды, деп хабарлайды Malim.kz.

«Курскіде не болып жатыр» деген ағайын үшін: Украинаның Курскі облысындағы операциясы бірсыдырғы жалғасуда. Айтарлықтай өзгерістер байқалмайды. Ең бастысы – Украина шегінген жоқ! - деп жазды ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оның айтуынша, қызу шайқастар бірнеше жерде жүріп жатыр (4 тамыздағы ахуал):

1)Суджа-Рыльскі арасында Коренево мен Ольговка жақта қоян-қолтық ұрыстар жүріп жатыр.

2)Суджа мен Глушково ортасында Комаровкада да шайқас қыза түсті.

3)Суджа-Льгов арасындағы орта жолда Малая Локня мен Погребки елдімекендері қызыл нүкте болып тұр.

Шайқастар сондай-ақ, Апанасовка, Снагость, Любимовка, Малая Локня, Борки, Вишневка, Викторовка, Гордеевка, Краснооктябрьское, Княжий Первый, Кубаткин, Мартыновка, Новоивановка, Орловка, Обуховка және Успеновка елдімекендерінде жүріп жатыр.

Осындағы Любимовка, Обуховка деген жерлерге қарасаңыз, Украина әскері едәуір тереңдеп кеткенін байқайсыз... Украина әскері Курскі облысының шекаралық аудандарында атой салып жүріп, шекара сыртынан шекара сызып жатқанын осыған дейін жаздық қой. Оған дәлел – Суджа алынғаннан кейін, негізгі екпінді орта жолдағы Льговқа емес, немесе Курскіге төте тартатын 200-інші жолды бойлай ұрыс салуға емес, сол қанаттағы Рыльскі бағытына бұрып, Глушковода қоршау салғаны. Енді қызықты қараңыз: Біраздан бері белсенді ұрыстар саябырсыған Борки бұрқ ете қалды. Украина әскері Спальное мен Боркиде ұрыс салды, бүгін, - дейді ол.

УКРАИНА СУДЖАНЫҢ ҚОС БҮЙІРІНЕН ҚОС БУФЕРЛІК АУДАН ЖАСАМАҚ ПА?

Укарина шекара сыртынан буферлік аумақ қалыптастыру мақсатынан айнымаған болса, логика бойынша енді осы Боркиден бұрылып, Псел өзенін кешіп өтіп, Суджа-Борки-Плехова автожолының ізімен Уланокқа жетсе, әрі қарай бірнеше бағытта қозғалуы мүмкін. Не Суджаның өзіне тікелей кеседі немесе Суджа аэродромына барып, қоршауды соннан жабады.

Былайша айтқанда, «Глушково 2.0» сценарий іске асса, Спальное мен Суджаның ортасында +20 шақты ауыл Украинаныкі болмақ.

Украина әскері бұл бағыттарда «Caesar» САУ-ларын, «HIMARS» және «M270 MLRS» секілді техникаларды қолдануда. Одан бөлек Украина әскерилері «Dragon» дейтін от бүркетін, термитпен өртеп жіберетін дрондарды пайдалана бастады. Темір оксиді мен алюминийдің жанып тұрған түйіршіктерінің қоспасы тиген жерін шыжғырып жатыр, - деп қорытындылады журналист.

Фото: Таисия Воронцова © URA.RU

Байланысты жаналықтар

Үш адамды атып өлтірген қылмыскер өмір бойына сотталды

22.02.2025

Әлем елдеріндегі блогерлер салықты қалай төлейді?

21.02.2025

ХАМАС Израильге 4 адамның табытын қайтарды

20.02.2025

Ердоған Зеленскийге Украина жерінің тұтастығы даусыз екенін мәлімдеді

18.02.2025

АҚШ-РЕСЕЙ КЕЗДЕСУІ: САУДИЯДА НЕ АЙТЫЛДЫ?

18.02.2025

Эр-Риядта АҚШ пен Ресей арасындағы келіссөздер өтті

18.02.2025
MalimBlocks
Үш адамды атып өлтірген қылмыскер өмір бойына сотталды

Мен кінәлі екенімді білемін, бірақ жауапкершілікті сезінбеймін, — деді ол

Әлем елдеріндегі блогерлер салықты қалай төлейді?

АҚШ-та серіктестерден, жарнамалық кірістер мен демеушілерден түскен кез келген қаражатқа салық салынады

ХАМАС Израильге 4 адамның табытын қайтарды

Ердоған Зеленскийге Украина жерінің тұтастығы даусыз екенін мәлімдеді

АҚШ-РЕСЕЙ КЕЗДЕСУІ: САУДИЯДА НЕ АЙТЫЛДЫ?

Эр-Риядта АҚШ пен Ресей арасындағы келіссөздер өтті