Ливияда қақтығыс болып, қауіпсіздік қызметінің басшысы қаза тапты

Сұлу Бөлек

  • 13.05.2025

Триполиде атыс болып, Ливия президенттік кеңесінің қауіпсіздік қызметінің басшысы Әбдел Ғани әл-Кикли қаза тапты, - деп хабарлайды Malim.kz Al Wasat газетінің ақпаратына сілтеме жасап.

«Президенттік кеңестегі тұрақтылықты сақтау департаментінің басшысы Әбдел Ғани әл-Кикли дүйсенбіде кешке Триполи әскери округінің 444-ші бригадасының штаб-пәтерінде өлтірілді», - делінген мақалада.

Триполидің оңтүстігіндегі Айн-Зара және Салах ад-Дин аудандарында атыс дыбыстары шыққаны нақтыланды.

Ливия ақпарат құралдарының хабарлауынша, Триполидегі Митига халықаралық әуежайы қақтығыстарға байланысты жұмысын тоқтатқан.

Ливияның Триполиде орналасқан ұлттық бірлік үкіметінің ішкі істер министрлігі астана тұрғындарын үйлерінде қалуға шақырды.

Кейінірек агенттік Триполидегі қақтығыс кезінде алты адамның жараланғанын хабарлады. Бұл мәліметтерді жергілікті жедел жәрдем қызметі хабарлады.

2011 жылы ел көшбасшысы Муаммар Каддафи тақтан тайдырылып, өлтірілгеннен кейін Ливия біртұтас мемлекет ретінде жұмысын тоқтатты. Кейінгі бірнеше жылда елдің екі бөлігі арасында текетірес болды.

Онда бірін-бірі мойындамайтын екі үкімет жұмыс істейді. Біріншісі, БҰҰ қолдауымен және Абдельхамид Дбейбаның жетекшілігімен Триполиде жұмыс істейді. Елдің Өкілдер палатасының өкілеттігі берілген екіншісі Бенгазиде орналасқан және оны Усама Хаммад басқарады.

2021 жылы Женевада БҰҰ демеушілігімен өткен Ливия саяси диалог форумы өтпелі атқарушы билікті жалпы сайлауға дейін сайлады.

Фото: star.com

Байланысты жаналықтар

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі бұған дейін адамға шабуыл жасағаны үшін 7 жылға сотталған

14.05.2025

Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты

12.05.2025

Үндістан мен Пәкістан атысты тоқтату туралы келісімді растады

11.05.2025

Үндістан мен Пәкістан атысты тоқтату жөнінде келісімге келді - Трамп

10.05.2025

Талғар ауданында атыс болды

09.05.2025

30 жастағы мұғалім жұмысбастылықтан көз жұмды

06.05.2025
MalimBlocks
Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі бұған дейін адамға шабуыл жасағаны үшін 7 жылға сотталған

Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты

Үндістан мен Пәкістан атысты тоқтату туралы келісімді растады

Үндістан мен Пәкістан атысты тоқтату жөнінде келісімге келді - Трамп

Талғар ауданында атыс болды

30 жастағы мұғалім жұмысбастылықтан көз жұмды