Лукашенко шен алам деп, шекарасынан айырылып қалуы мүмкін

Беларусь әскері Гомель облысының аумағына, Чернобыль АЭС-іне жақын маңда

Malim Админ

  • 26.08.2024

Әлгінде ғана Ресей біреуден көмек сұрар болса, әуелі Беларусь «резервте тұр» деп жазған едік, осы жерге. Содан көп ұзаған жоқпыз. Украинаға қарсы басқыншылық үшін санкция тоқпағын Путинмен тең жеп келе жатқан Лукашенко әскерін қомдап, әлек жасады. Кеше Украина дабыл қақты. «Беларусь билігі шекара маңына әскер топтастырып жатыр», - деп жаһан жұртын құлағдар етті. Беларуське һәм Лукашенкоға ескерту жасады. «Арамазыға кіріссең, аямаймыз!», - деп қатты сөйледі.


Украина не деді?

«Беларусь «әскери жаттығу» деген желеумен, шекарамыздың түбіне әскерін һәм әскери техникасын топтастыруда. Беларусь билігі Мәскеудің қысымымен өз елі үшін үлкен трагедия болатын қадамға бармауы керек! Әскерін шекара түбінен алып кетуін талап етеміз. Беларусь тарапынан біздің шекарамызды бұзып өту әрекеті тіркелсе, БҰҰ-ның қорғану құқығына сай біздің еліміз барлық қажетті шараны іске асыратынын ескертеміз», - деді.

Онан соң: «Беларусьтағы барлық топтасқан әскери күштер мен нысандар Украина қарулы күштерінің заңды нысанасына айналады», - деп кесіп айтты.

БЕЛАРУСЬТЕН ТӨНГЕН ҚАУІП ҚАНДАЙ?

Енді Беларусь Украина шекарасына қанша әскер, қандай техника әкелді деген сұраққа қысқа жауап берейік:

Бірінші: Беларусь әскері Гомель облысының аумағына, Чернобыль АЭС-іне жақын маңға жеткізілген. Кей деректерде, Украина шекарасынан 50 шақырым жерде орналасқаны айтылады.

Екінші: Беларусь аталған жерге танктерді, артиллерияны, «РСЗО», ӘШҚҚ құралдарын және инженерлік техниканы қоса алғанда, Арнайы операциялар күштерін, қару-жарақ пен әскери техниканы шоғырландырған. Соның ішінде: Тікұшақтар мен соққылаушы ұшақтар және «С-300ПС» ЗЗК бар.

Үшінші: Беларусь Украинамен шекара түбіне 20-дан астам әскери бригада жеткізгені жазылды. Кей деректерде, Беларусь өз армиясының 3/1 бөлігін Украина шекарасына әкелгені айтылады.

Төртінші: Беларусь жеріндегі «вагнерліктердің» де Украина шекарасына көшірілгені белгілі болып отыр. Сарапшылар ондағы «Вагнер» жендеттерінің саны аз екенін, олар тек нұсқаушы функциясын атқара алатынын айтады. Десек те, факт сол – «Вагнер» әскері бар.

БЕЛАРУСЬ УКРАИНАМЕН СОҒЫССА НЕ БОЛАДЫ?

Сарапшылардың дені: «Лукашенко соғыса қоймайды. Шекарадағы жағдайдың шиеленісуі – әскери емес, саяси-ақпараттық мақсатты көздейді», - деп жатыр. Алда-жалды соғыс бола қалса ше? Ондай жағдайда Украинаның арқа сүйері – соққылаушы дрондық қару-жарақ болмақ. Өйткені, Украина соққылаушы дрондармен жақсы жарақтанған және соққылаушы дрондардың сан түрлі модельіне иелік етеді. Оған Ресейдің ішкері аумақтарына дөп соққы жасауда әжептәуір машығы бар деген факторды тағы қосыңыз.

Онан соң: Беларусьтің бірқатар стратегиялық кәсіпорындары украин артиллериясына қол жетімді жерде орналасқан. Әсіресе «Мозырь» мұнай өңдеу зауыты. Беларусьтегі 2 ірі МӨЗ-дің бірі осы «Мозырь». Киевтен 4 сағаттық, Чернобыльден 2 сағаттық, ал шекарадан 1 сағат 20 минуттық жерде (70 шақырым) ғана орналасқан. Бұл жер үсті жолдарымен есептелген уақыт. Ал зымырандар үшін бұл меже қас-қағым сәт қана.

Оның үстіне Курск облысындағы ұрыстарға байланысты қазір Ресей мен Беларусь арасында пойыздар уақытша тоқтағаны да Украина пайдасына шешілер фактор болып тұр.

АЛ БЕЛАРУСЬТІҢ СЕНЕРІ НЕ?

Бірінші: Украинаға қарсы соғысу тәжірбиесі бар «вагнерліктер». Екінші: Беларусь жеріндегі Ресейдің резервтік әскери күштері. Үшінші: Беларусьте бар ядролық қару (ол әрине тежеуші күш рөліне ие. Оны қолдануға Лукашенконың дәті жетпейді).

Бірақ бір ескеретін жайт – Беларусь әскері – соғыспаған әскер. Беларусь әскерінің жауынгерлік дайындығы тек оқу-жаттығуларда сыннан өткен. Бұл да айтарлықтай рөлге ие. «Екі елдің арасындағы соғысқа әлекедей жаланып, кіріспес бұрын өз еліңді ойла» деген Киевтің ақылы Лукашенконы сабасына түсіре ме?

Қысыр сөзге: Естеріңізде ме, қайсыбір жылы осы Лукашенко Путинге жалынғандай болып: «Сен маған полковник шенін берем дегенсің. Айттың бар ,бер», - деп сұрап жүр еді ғой. Сол кезде әлем жұрты: «Тәуелсіз елдің басшысы өзге елдің басшысынан шен сұрап жүр», - деп күлген.

Лукашенко сол шенді енді сұрап емес, еңбек сіңіріп алуды көздесе керек...

Нұргелді Әбдіғани  

Фото: dzen.ru  

Байланысты жаналықтар

Қазақстан мен Ресей энергетика саласындағы қатынасты нығайтуға ниетті

11.10.2024

Шекарадан 70 тоннаға жуық күріш кері қайтарылды

05.10.2024

Қазақстан құрамасы Қаржылық қауіпсіздік Халықаралық олимпиасында 3 орын алды

05.10.2024

Иран Израильге ескерту жасады: Біз соғысты қаламаймыз, бірақ бұдан да жойқын соққы бере аламыз

02.10.2024

The Insider: Навальный түрмеде уланған болуы мүмкін

30.09.2024

Израиль алғаш рет Бейрутқа соққы берді. Төрт қолбасшы қаза тапты

30.09.2024
MalimBlocks
Қазақстан мен Ресей энергетика саласындағы қатынасты нығайтуға ниетті

Шекарадан 70 тоннаға жуық күріш кері қайтарылды

Заңсыз өнім Үндістаннан жеткізілген

Қазақстан құрамасы Қаржылық қауіпсіздік Халықаралық олимпиасында 3 орын алды

Халықаралық олимпиадаға 36 ел өкілдері қатысқан

Иран Израильге ескерту жасады: Біз соғысты қаламаймыз, бірақ бұдан да жойқын соққы бере аламыз

Израиль қорғаныс армиясының өкілі Даниэль Хагари Тегеранның әрекеті ауыр зардаптарға әкелетінін айтып отыр

The Insider: Навальный түрмеде уланған болуы мүмкін

Басылым оппозиялық саясаткердің өліміне қатысты жүздеген ресми құжаттарға қол жеткізгенін хабарлады

Израиль алғаш рет Бейрутқа соққы берді. Төрт қолбасшы қаза тапты

Вашингтон қақтығысты дипломатиялық жолмен шешуге шақырып отыр