457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Мадридте Януковичтің бұрынғы кеңесшісі атып өлтірілді

21 мамыр күні таңертең Испания астанасы Мадридтегі элиталы Посуэло-де-Аларкон ауданында Андрей Портнов атып өлтірілді, деп хабарлайды Malim.kz Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

Cadena SER радиосының мәліметінше, оқиға таңғы сағат 9:15 шамасында Америкалық мектеп маңында болған. Портнов балаларын мектепке апара жатқан сәтте кеуде және бас тұсына бес рет оқ атылған. Испания полициясы оның өлімін растады.

Андрей Портнов — Украинаның экс-президенті Виктор Януковичтің бұрынғы кеңесшісі. Елінде оған мемлекеттік қаржыны жымқыру және адам құқықтарын бұзу айыптары тағылған болатын. Әсіресе, 2014 жылғы Еуромайдан кезінде азаматтардың еркіндігін шектейтін “16 қаңтар заңдарының” қабылдануына тікелей қатысы болғаны үшін сынға ұшырады.

Билік ауысқаннан кейін Портнов Украинадан кетіп, алдымен Ресейде, кейін Австрияда тұрған. Ол сондай-ақ Украинаның Ұлттық жемқорлықтың алдын алу агенттігі мен “Чесно” қозғалысы құрған “сатқындар тізіміне” енгізілген еді. Алайда 2024 жылғы 10 қыркүйекте Киев соты оның бұл тізімнен алынуына шешім шығарған.
Фото: Nacho Doce/REUTERS