457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Малайзияда бізден төмен. Басқа елдерде ҚҚС қанша пайыз?

Аустралия, АҚШ, Канада сияқты бірқатар елдерде сату салығы бар

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов елдегі ҚҚС мөлшерлемесін арттыру қажет екенін айтты. Осылайша, Қазақстанда қосымша құн салығы мөлшерлемесін көтеру жоспарланып отыр. Алайда Үкімет әлі ҚҚС мөлшерін нақтыламады, - деп хабарлайды Malim.kz.  

Үкіметтегі брифингте Серік Жұманғарин әлемдегі ең кең таралған мөлшерлеме - 20 пайыздық ҚҚС екенін алға тартты. Ал Қазақстанда - 12 пайыз.

Әлем елдерінде Қосымша құн салығы қанша пайыз? Massaget.kz жазуынша, негізі қосымша құн салығының мөлшерлемесі ел мен аймаққа байланысты өзгереді. Мәселен:

ТМД елдері:

Ресей, Беларусь, Украина, Армения - 20 пайыз;

Қырғызстанда - 12 пайыз;

Тәжікстанда - 18 пайыз;

Өзбекстанда - 15 пайыз;

Еуропа елдері:

Германия

Аустрия, Болгария, Ұлыбритания, Словакияда - 20 пайыз;

Бельгия, Испания, Латвия, Литва, Нидерланд пен Чехияда -  21 пайыз;

Италияда - 22 пайыз;

Польша және Португалияда - 23 пайыз;

Дания, Хорватия, Швецияда - 25 пайыз;

Ең көп Мажарстанда - 27 пайыз.

Азия елдері:

Малайзияда - 6 пайыз;

Таиланд, Сингапур - 7 пайыз;

Жапония, Оңтүстік Корея, Вьетнамда - 10 пайыз;

Қытайда - 13 пайыз;

Үндістанда - 18 пайыз;

Аустралия, АҚШ, Канада сияқты бірқатар елдерде сату салығы бар. Бұл екі салық салыстыруға келмейді. Тауарларды өндіру барысында ҚҚС-қа тек қосымша құн салынады, ал сату салығы тізбелі әсер етеді, айналымға салық салынады, бұрын төленген салық есепке алынбайды.

Айта кетейік, қосымша құн салығы - мемлекетке төленетін жанама салықтың бір түрі, ол тауарлар мен қызметтердің қосымша құнына салынады. Қарапайым тілмен айтсақ, ҚҚС тауарды немесе қызметті өндірудің әр кезеңінде, сондай-ақ оны соңғы тұтынушыға сатқан кезде төленеді. ҚҚС - мемлекет бюджетінің маңызды бөлігі. Ол денсаулық сақтау, білім беру және инфрақұрылым сияқты қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыруға жұмсалады.

Фото: kaz.inform.kz