457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Молдовада президент сайлауы: Екінші кезеңде Мая Санду жеңіске жетті

Молдованың іс басындағы презиендті Мая Санду президент сайлауының екінші кезеңінде жеңіске жетті. Оған сайлаушылардың 54,96% дауыс берген. Ал оның қарсыласы Александр Стояногло 45,04% дауыс жинады. Бұл Орталық сайлау комиссиясының 98,74% хаттамаларды өңдеуден кейінгі дауыс берудің алдын ала қорытындысы.

Енді шет мемлекеттердегі сайлау учаскелеріндегі дауыстарды санау ғана қалды.

Молдаваның өзінде хаттамалар 100% өңделді. Орталық сайлау комиссиясының хаттамаларына сәйкес, ел ішінде халықтың көпшілігі Стояноглоға дауыс берген. Осылайша ол 51,19% дауыс жинаған. Ал Сандуды елдің 48,81% қолдады.

Осыған дейін Молдованың Орталық сайлау комиссиясы референдумның соңғы қорытындысын бекіткені туралы жаздық.

Фото: ТАСС