Париждегі саммит: Еуропа басшылары Украинаны қолдауды күшейтпек

Арман Қайыпхан

  • 27.03.2025

Парижде өткен «қалау білдірушілер коалициясы» саммитінде Еуропа көшбасшылары Украинаға көп деңгейлі қолдау көрсетуді тұрақты және әділетті бейбітшілік орнағанға дейін жалғастыруға бел буды. Бұл туралы DW сайты ЕО дипломатына сілтеме жасап хабарлады.

Жалпы 31 мемлекет, сондай-ақ ЕО мен НАТО өкілдері қатысқан кездесуде Киевке әскери, қаржылық және энергетикалық қолдауды күшейту, сондай-ақ елдің қалпына келуіне көмектесу туралы мәлімделді.

Саммит қатысушылары Украинаға қосымша 17 миллиард еуро көлемінде әскери көмек бөлуді, Киевке 2 миллион дана артиллериялық оқ-дәрі жеткізуді және ЕО елдері арасындағы үйлестіруді жақсартуды міндетіне алды. Бұл көмек Украина қажеттіліктеріне сай болуы үшін жасалып отыр.

Сонымен қатар, еуропалық көшбасшылар украин қорғаныс өнеркәсібімен ынтымақтастықты арттыруға және украин сарбаздарын әскери дайындау жөніндегі ЕО миссиясын дамытуға келісті.

Фото: LUDOVIC MARIN/POOL/AFP/Getty Images

Байланысты жаналықтар

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

17.05.2025

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

16.05.2025

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

16.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

16.05.2025

Ердоған: Соғыс Киев пен Мәскеудің тікелей келіссөзі арқылы аяқталуы керек

15.05.2025
MalimBlocks
АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

Ердоған: Соғыс Киев пен Мәскеудің тікелей келіссөзі арқылы аяқталуы керек