Путин Украинаға қарсы атысты тоқтататынын айтты. Зеленский не дейді?

Ресей президенті Владимир Путин Пасха мерекесіне орай соғыс әрекеттерін уақытша тоқтататынын айтты

Сұлу Бөлек

  • 19.04.2025

Ресей президенті Владимир Путин Пасха мерекесіне орай соғыс әрекеттерін уақытша тоқтататынын айтты, - деп хабарлайды Malim.kz тілшіс Кремльдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ресей тарапы 19 сәуір сағат 18:00-ден 21 сәуір 00:00-ге дейін барлық әскери іс-қимылды тоқтатады", – делінген хабарламада.

Ресей барлық әскери іс-қимылды тоқтатып, Украина тарапы да мұны қайталайды деп үміттенетінін айтты. 

Путиннің айтуынша, армия кез келген ықтимал бұзушылықтарға және басқа да "агрессиялық әрекеттерге" қарсы дайын болады.

"Пасха мерекесіне орай біз қабылдаған атысты тоқтату шешімі Киев режимінің шынайы ниеті мен оның келісімдерді сақтауға, бейбіт келіссөздер процесіне қатысуға деген қабілетін көрсетеді", – деді Кремль басшысы РФ Қорғаныс министрі Валерий Герасимовпен кездесуде.

Путин Киев 18 наурыздан 17 сәуірге дейін энергетикалық объектілерге соққы жасауға тыйым салу туралы мораторийді 100 реттен аса бұзды деп атап өтті. Осыған байланысты әскери қызметшілер "өте мұқият және жинақы" болып, толық жауап беруге дайын болуы керек екенін айтты.

Ресейдің Қорғаныс министрлігі Пасха мерекесіне орай атысты тоқтату режимі Украина оны сақтаса ғана орындалатынын мәлімдеді.

Сонымен қатар, "Украинская правда" басылымы Украина әлі де атысты тоқтату туралы жарияламағанын және бұл мәселе Киевпен келісіліп-келісілмегені белгісіз екенін айтты.

Украина президенті Владимир Зеленский не дейді?

Украина президенті Владимир Зеленский 19 сәуірде ресми Telegram-арнасында атысты тоқтату туралы келісімге қарамастан, майдандағы жағдай әлі де шиеленісіп тұрғанын айтты. Оның айтуынша, украин әскерлері шекара сыртында белсенді әрекеттерін жалғастырып жатыр.

"Тек қорғаныс министрі Александр Сырскийдің баяндамасын тыңдадым. Біздің бөлімшелеріміз бүгін Курск облысының аумағында белсенділік танытты, сонымен қатар Белгород облысында алға жылжып, бақылау аймағын кеңейтті", — деп хабарлады Украина президенті.

Зеленский Ресей билігінің Пасха кезінде атысты тоқтату бастамасын қатаң сынға алды.

"Бұл - Путиннің адамдардың өмірімен манипуляция жасауға тағы бір талпынысы. Ол бейбітшілік туралы айтып жатқанда, Украина аумағында қайтадан әуе дабылы қағылып жатыр", — деп жазды Зеленский.

Фото: bbc.com

Байланысты жаналықтар

Ердоған: Соғыс Киев пен Мәскеудің тікелей келіссөзі арқылы аяқталуы керек

15.05.2025

Зеленский Ыстанбұлға келмейтін болды

15.05.2025

Зеленский Анкараға жетті

15.05.2025

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

15.05.2025

Стамбұлдағы келіссөзге Ресейден кім баратыны әлі белгісіз

14.05.2025

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

13.05.2025
MalimBlocks
Ердоған: Соғыс Киев пен Мәскеудің тікелей келіссөзі арқылы аяқталуы керек

Зеленский Ыстанбұлға келмейтін болды

Зеленский Анкараға жетті

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

Стамбұлдағы келіссөзге Ресейден кім баратыны әлі белгісіз

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты