Қазақстан армиясы Орталық Азияда көшбасшы орнын сақтап қалды
GFP рейтингіне 145 әлемдік держава кірген. 60 жуық түрлі көрсеткіштер, соның ішінде әскери бөлімдердің саны, қаржы, логистика және географиялық жағдайда ескеріледі.

Global Firepower 2025 жылға арналған әскери күштің жаңартылған рейтингін жариялады, онда Қазақстан өз позициясын қайта нығайтты, деп хабарлайды Malim.kz.
GFP рейтингіне 145 әлемдік держава кірген. 60 жуық түрлі көрсеткіштер, соның ішінде әскери бөлімдердің саны, қаржы, логистика және географиялық жағдайда ескеріледі. Нәтижесінде негізгі көрсеткіштер бойынша Қазақстан реактивті жүйесінің көлемі бойынша әлемде 17-орынға ие болды (407 бірлік техника бар). Сондай-ақ, әскер артиллериялық күш жағынан 21-орында тұр.
Қазақстан Республикасының Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы атап өткендей, еліміз өткен жылмен салыстырғанда бір сатыға көтеріліп, Орталық Азиядағы жетекші әскери күш ретіндегі позициясын растады.
Орталық Азия елдері арасында Қазақстанда алда тұр, 57-орын. Ал Өзбекстан – 58, Түрікменстан — 77, Қырғызстан — 105, Тәжікстан — 108 орынға жайғасқан.
Әскери стратегиялық зерттеулер орталығы елге осындай жоғары позицияны қамтамасыз ететін негізгі көрсеткіштерді атады: Заманауи қару-жарақ: Қазақстан 407 бірлікке ие, көп реттік зымырандық жүйелер (MLRS) саны бойынша әлемде 17-ші орында. Өздігінен жүретін артиллерия саны бойынша еліміз 21-ші орында тұр, бұл оның атыс күшін ерекше көрсетеді. Экономикалық тұрақтылық: Қазақстанның әскери шығындары шамамен 1,3 трлн. теңгені құрайтын, бұл жаттығуларды жүйелі түрде өткізуге, техниканы жаңартуға және қорғаныс өнеркәсібін дамытуға мүмкіндік береді. Геостратегиялық артықшылықтар: Қазақстан жер көлемі бойынша әлемде тоғызыншы орында (2,7 млн км²), ол стратегиялық тереңдік пен мұнай мен көмір сияқты орасан табиғи ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Кеңейтілген су жолдары (әлемде 4-ші орын) және дамыған көлік инфрақұрылымы елдің логистикалық мүмкіндіктерін арттырады.
Ал рейтингтің көшбасшысы әскериі бюджеті 800 млрд доллардан асатын АҚШ болды. Ядролық әлеуеті жағынан Ресей сес көрсетіп тұрса, Қытай әскер саны мен теңіз қарулы күштерінің басымдығын көрсетті.
Фото: Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы