Қытайда Иранның ядролық мәселесі талқыланады

Malim Админ

  • 14.03.2025

Бейжіңде жұма күні Қытай, Иран және Ресей Сыртқы істер министрліктері өкілдерінің кездесуі басталды. Тараптар Иранның ядролық мәселесін талқылайды.

Қытай Орталық телеарнасының хабарлауынша, үшжақты кездесу Қытай Сыртқы істер министрінің орынбасары Ма Чжаосюйдің төрағалығымен өтіп жатыр.

Шараға Иран тарапынан Сыртқы істер министрінің орынбасары Казем Гарибабади, Ресей тарапынан Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков қатысып отыр. 

ҚХР СІМ баспасөз хатшысы Мао Ниннің бұған дейін мәлімдеуінше, Қытай, Ресей және Иранның Бейжіңде Иранның ядролық мәселесі бойынша кездесуі Қытайдың байланыс пен үйлестіруді нығайтуға, сондай-ақ диалог пен келіссөздерді мүмкіндігінше тезірек қайта бастау үшін жағдай жасауға бағытталған кезекті дипломатиялық қадамы болмақ.

Оның айтуынша, Қытай БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі және Иранның ядролық бағдарламасы бойынша бірлескен жан-жақты әрекет жоспарының қатысушысы ретінде Иранның ядролық мәселесін саяси және дипломатиялық жолдар арқылы дұрыс реттеуге, сондай-ақ халықаралық ядролық қаруды таратпау режимін қорғауға және Орта Шығыста бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға күш салуға шақырады.

— Қазіргі жағдайда біз тиісті тараптар сабыр сақтап, ұстамдылық танытып, Иранның ядролық мәселесі төңірегіндегі жағдайдың шиеленісуіне жол бермеу керек деп санаймыз, бұл текетірес пен қақтығысқа айналмауы керек, — деп келтірді Xinhua қытайлық дипломаттың сөзін.

2015 жылы Иранның ядролық мәселесі бойынша Бірлескен жан-жақты іс-қимыл жоспарына қол қойылды, оған сәйкес Тегеран халықаралық қауымдастықтың санкцияларын алып тастауы үшін өзінің ядролық бағдарламасын шектеуге міндеттеме алды. Алайда 2018 жылы АҚШ үкіметі Иранның ядролық келісімінен біржақты түрде шығып, Иранға қарсы бірқатар санкцияны қалпына келтіріп, кеңейтті.

Фото: Қытай Орталық телеарнасы

Байланысты жаналықтар

Киев Ресейдің бітім туралы мәлімдемесіне жауап берді

28.04.2025

Зеленский Қырымды Ресейге беруге дайын - Трамп

28.04.2025

Қазақстанның жері Қытайға сатылғаны рас па? Үкімет жауабы

28.04.2025

Иранда жалпыұлттық аза тұту жарияланды

27.04.2025

Путин АҚШ президентінің арнайы өкілі Уиткоффпен кездесті

25.04.2025

Қазақстан Ресейдің ықтимал шабуылына дайындалып жатыр деген ақпарат тарады

25.04.2025
MalimBlocks
Киев Ресейдің бітім туралы мәлімдемесіне жауап берді

Зеленский Қырымды Ресейге беруге дайын - Трамп

Қазақстанның жері Қытайға сатылғаны рас па? Үкімет жауабы

бұл - жалған ақпарат

Иранда жалпыұлттық аза тұту жарияланды

Иранда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды

Путин АҚШ президентінің арнайы өкілі Уиткоффпен кездесті

Қазақстан Ресейдің ықтимал шабуылына дайындалып жатыр деген ақпарат тарады