Ресей 4 облысты иеленбей соғысты тоқтатпайды. Украина қайтпек?

Ресей конституциясында«Херсон, Запорож, Донецкі мен Луганскі Ресей территориялары» деп жазылған

Malim Админ

  • 27.02.2025

Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров та «төрт облыс Ресейге берілмей соғыс аяқталмайды», - деп мәлімдеген.

Лавров: «Қазір ұрыс қимылдарын майдан шебінде тоқтатып, сол жеткен аумақтар бойынша келіссөз жүргізу мүмкін емес нәрсе. Ол сондай оп-оңай емес.

Біріншіден, Ресейдің Конституциясы бар. Ол бойынша «Херсон, Запорож, Донецкі мен Луганскі Ресей территориялары» деп жазылған. Сол аймақ азаматтарының ерікті таңдауы арқылы жүреге асырылған бұл, процесс. Сол аймақтарда тұратын халық өзінің еркін білдірді. Сондықтан, Украина бұл аумақтан әскерін түгел алып кетуі, бұл жерлерді Ресейдікі деп мойындауы тиіс!

Одан бөлек, Украинаның бақылауында болатын аумақтарға қатысты да талабымыз бар. Ең әуелі – Украина бақылауындағы аумақтарда «расистік заңдар» болмауы тиіс! Ол жақта да орысша сөйлеуді қалайтындар жеткілікті. Оларға қысым жасалмауы керек», - деп мәлімдеді.

Лавровтың бұл екі ауыз сөзінен мына дүние ашық белгілі болып отыр. Ол – Ресей әлі де соғысуды қалайды. Лавров айтқан Ресейдің талабы –«төрт облыс – Херсон, Запорож, Доненцкі мен Луганскіні Ресейге толық бермесе, соғыс жалғасады және Украина соғысты тоқтату үшін Конституциясын өзгертуі тиіс», - деген талап.

Ал бұған Украина көне ме? АҚШ тарапынан өте қатаң қысым болмаса, көне қоюы екіталай. Өйткені, президент Зеленский бастаған топ бірнеше мәрте 4 облысты қайтару туралы айтқан...  

Нұргелді Әбдіғани  

Фото: yaplakal.com 

Байланысты жаналықтар

Владимир Мединский Ресей Жазушылар одағының төрағасы болды

27.02.2025

Илон Маск Үкімет қызметкерлерін жұмыстан кетірем деп қорқытып жатыр

25.02.2025

Трамптың арнайы өкілі Таяу Шығысқа барады

25.02.2025

Амангелді Құрметұлы: 3 күн емес, 3 жыл...

24.02.2025

Америкадан депортацияланған қазақстандықтар Коста-Рикаға келді

22.02.2025

Трамп Зеленскийдің келіссөздерге қатысуы маңызды емес деп санайды

22.02.2025
MalimBlocks
Владимир Мединский Ресей Жазушылар одағының төрағасы болды

Илон Маск Үкімет қызметкерлерін жұмыстан кетірем деп қорқытып жатыр

Трамптың арнайы өкілі Таяу Шығысқа барады

Амангелді Құрметұлы: 3 күн емес, 3 жыл...

Ресей - Украина соғысы әлі тоқтамай тұр

Америкадан депортацияланған қазақстандықтар Коста-Рикаға келді

Трамп Зеленскийдің келіссөздерге қатысуы маңызды емес деп санайды

АҚШ президенті Украина басшылығының келіссөздерде ұстанатын ешқандай «карталары» жоқ екенін атап өтті