Ресей мен АҚШ тұтқындармен алмасты

2025 жылғы 10 сәуір, бейсенбі күні Ресей мен АҚШ Абу-Дабиде тұтқындармен алмасты, деп хабарлайды The Wall Street Journal ЦРУ директоры Джон Рэтклиффке сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, АҚШ-та Мәскеуге санкциялардан жалтаруға көмектесті деп айыпталған Артур Петров бостандыққа шықты. Ал АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио ресейлік тараптың Ресейде мемлекеттік опасыздық үшін 12 жылға сотталған Ксения Карелинаны босатқанын растады.
«Америкалық азамат Ксения Карелина қазір ұшақта, үйіне – Америка Құрама Штаттарына қайтып бара жатыр. Ол Ресейде қателікпен бір жылдан астам уақытқа ұсталған еді. Президент Трамп оның бостандыққа шығуына қол жеткізді. АҚШ президенті барлық америкалықтарды босату үшін жұмысын жалғастырады», – деп жазды Рубио өзінің X (бұрынғы Twitter) желісіндегі парақшасында.
Фото: AP Photo/picture alliance
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
