Ресей мен Украина арасындағы келіссөздердің үшінші кезеңі өтетін болды

Ресей мен Украина арасындағы келіссөздердің үшінші раунды 24 немесе 25 шілдеде Стамбұлда өтеді. Бұл туралы 21 шілде, дүйсенбі күні Independent Türkçe басылымы мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.
Кездесудің нақты уақыты, орны және делегация құрамы кейінірек нақтыланады.
Басылым мәліметінше, бұл техникалық деңгейдегі келіссөздер болып, шектеулі тақырыптар талқыланады. Атап айтқанда, гуманитарлық көмек, тұтқындармен алмасу, инфрақұрылым қауіпсіздігі және Украинамен шекаралас аймақтардағы жағдай қарастырылуы мүмкін.
Қазіргі таңда келіссөз өтетін орын анықталып, қауіпсіздік хаттамалары мен материалдық-техникалық база дайындалуда. Келіссөздер БАҚ өкілдеріне жабық форматта өтеді деп жоспарланып отыр. Жазбаша мәлімдемелердің жасалуы күтілуде.
ТАСС агенттігі де апта соңында өтетін кездесудің нақты күні нақтыланып жатқанын хабарлады.
Фото: Dilara Acikgoz/AP Photo

Ең көп оқылған
