457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ресей мен Украина тағы да әскери тұтқындармен алмасты

Ресей мен Украина осы аптада екінші рет әскери тұтқындармен алмасты. Бұл алмасу Стамбулда 2 маусымда қол жеткізілген келісімдер аясында жүзеге асты, деп жұма, 20 маусымда екі елдің ресми өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Ресей Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, “Стамбулда 2 маусымда қол қойылған ресей-украин келісімдері аясында бір топ ресейлік әскери қызметкер елге оралды”.

Олардың орнына Украина Қарулы күштерінің әскери тұтқындар тобы берілді”, – делінген Telegram-дағы мәлімдемеде.

Ресей жағының айтуынша, оралған әскерилер алдымен Беларуське жеткізіліп, онда оларға қажетті психологиялық және медициналық көмек көрсетілуде. Кейін оларды Ресей Қорғаныс министрлігінің медициналық мекемелеріне емдеуге және оңалтуға жібермек.

Украина президенті Владимир Зеленский де тұтқындармен алмасу фактісін растады. Оның айтуынша, босатылған украин әскери қызметкерлерінің көпшілігі ресейлік тұтқында екі жылдан астам уақыт өткізген. Олардың арасында Мариуполь мен Донецк, Луганск, Запорожье, Херсон, Харьков және Чернигов облыстарының қорғаушылары, Украина Қарулы күштерінің, Ұлттық гвардия мен шекара қызметінің өкілдері бар.