Ресейдегі пойыз апатынан 7 адам қаза тауып, 69 адам жарақат алды

Ресейдің Брянск облысындағы пойыз апатынан жеті адам қаза тауып, 69 жарақат алды, олардың үшеуі – балалар. Бұл туралы аймақ губернаторы Александр Богомаз мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.
47 адам ауруханаға жатқызылған, ал 22 адам амбулаториялық ем қабылдап жатыр. Ауыр жарақат алғандардың бірі – бала, ол санитарлық авиация арқылы Мәскеуге жөнелтілген.
Оқиға түнгі уақытта Тросна – Калиновка тас жолының 48-шақырымында орын алған. Сол кезде «Климов – Мәскеу» бағытындағы жолаушылар пойызы өткелден өтіп жатқан. Көпірдің опырылуы салдарынан пойыздың бір бөлігі автожолға құлап кеткен.
Қазіргі уақытта құтқару және үйінділерді тазарту жұмыстары аяқталуға жақын. Қазақстан азаматтарының зардап шеккен-шекпегені әзірге белгісіз.
Фото: t.me/ostorozhno_novosti каналынан

Самое читаемое
