Роботтар алғаш рет адамдармен бірге марафон жүгіріп өтті

Қытай астанасы Бейжіңде өткен жартылай марафонда роботтар алғаш рет адамдармен қатар 21 шақырымды жүгіріп өтті

Сұлу Бөлек

  • 19.04.2025

Қытай астанасы Бейжіңде өткен жартылай марафонда роботтар алғаш рет адамдармен қатар 21 шақырымды жүгіріп өтті, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі CNN-ға сілтеме жасап. 

19 сәуірде Ичжуан ауданында өткен жарысқа 12 000 адам қатысты. Солармен бірге 21 гуманоид робот арнайы бөлінген жолақпен жүгірді. Бұл Қытайдың адам бейнесіндегі роботтар жасау саласындағы жетістіктерін көрсету мақсатында ұйымдастырылған.

Жеңіс Tiangong Ultra атты роботқа бұйырды. Оны Бейжіңдегі Гуманоид робототехника инновациялық орталығы жасаған. Ол мәреге 2 сағат 40 минут 42 секундта жетті. Бұл – адамдар арасындағы әлемдік рекордтан шамамен екі сағатқа ұзақ (56 минут 42 секунд, Джейкоб Киплимо, Уганда). Ал осы жарыстағы адамдар арасындағы жеңімпаз 1 сағат 2 минут уақыт көрсетті.

Tiangong Ultra ұзын аяқтары мен адамның ұзақ қашықтықтағы жүгіруін еліктей алатын алгоритмі арқасында үздік шықты.

"Шынымды айтсам, бірде-бір батыстық компания өз роботтарын мұндай спорттық деңгейге жеткізген жоқ", – деді оны жасаған орталықтың техникалық директоры Тан Цзянь.

Робот жарыс барысында небәрі үш рет батареясын ауыстырған.

Алайда роботтарға жүгіру оңай болмады: кейбірін сүйемелдеуші адамдар арнайы арқанмен ұстап жүрді, ал басқалары қашықтан басқарылды. Бір робот тіпті старт сызығында құлап қалып, бірнеше минуттан кейін ғана орнынан тұрып жүгіруін жалғастырған.

Роботтар жарыс кезінде батареяларын ауыстырып отыруға құқылы болды. Егер бір робот жүгіре алмай қалса, компаниялар қосалқы роботпен ауыстыруға мүмкіндік алды, бірақ әр ауыстыру үшін 10 минуттық айып уақыты қосылды.

Бұған дейін Қытайда роботтар марафондарға қатысқанымен, бұл – олардың алғаш рет адамдармен бірге толыққанды жартылай марафонды жүгіріп өтуі.

Фото: Reuters

Байланысты жаналықтар

Қазақстанға ең көп турист қай елдерден келген?

21.04.2025

Алматыдағы жартылай марафондағы қайғылы оқиға: министрлік жаңа дерек айтты

20.04.2025

Алматыда көшелерді жауып ұйымдастырған марафоннан екі адам қайтыс болды

20.04.2025

Қытай Трампқа жауап ретінде Boeing ұшақтарын сатып алуды тоқтатты

15.04.2025

"Жақсы болмайды". Ақ үй Қытайға тағы бір ескерту жасады

12.04.2025

Қытай АҚШ импортының баж салығын 125 пайызға дейін көтерді

11.04.2025
MalimBlocks
Қазақстанға ең көп турист қай елдерден келген?

Былтыр елге 15,3 млн шетелдік қонақ келген

Алматыдағы жартылай марафондағы қайғылы оқиға: министрлік жаңа дерек айтты

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Алматыда өткен жартылай марафон кезінде екі қатысушының қайтыс болуына байланысты пікір білдіріп, жаңа дерек айтты

Алматыда көшелерді жауып ұйымдастырған марафоннан екі адам қайтыс болды

Қытай Трампқа жауап ретінде Boeing ұшақтарын сатып алуды тоқтатты

"Жақсы болмайды". Ақ үй Қытайға тағы бір ескерту жасады

Қытай АҚШ импортының баж салығын 125 пайызға дейін көтерді