«Росавиация» Azerbaijan Airlines ұшағына дрондар шабуылдағанын растады

Украина дрондарының шабуылына байланысты әуежай аспанында «Ковер» жоспары енгізілген

Malim Админ

  • 27.12.2024

Росавиация Azerbaijan Airlines ұшағы Грозныйға қонатын кезде қалаға дрондар шабуылдағанын растады. Бұл туралы Росавиация басшысы Дмитрий Ядров хабарлады деп жазды Азаттық радиосы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Оның сөзінше, лайнер қонатын уақытта Грозный әуежайы маңындағы жағдай «күрделі болған». Украина дрондарының шабуылына байланысты әуежай аспанында «Ковер» жоспары енгізілген, ол маңда қалың тұман болды деді.

Ядровтың айтуынша, ұшақ Грозныйға екі рет қонбақ болған, бірақ қона алмаған, содан кейін пилот Ақтауға қонуды жөн көрген. Ресей тарабы «Қазақстан мен Әзербайжандағы әріптестеріне қайғылы оқиғаны тергеуге дайын екенін дереу хабарлады» деді ол.

«Росавиация» бастапқыда «ұшаққа құстар соғылып, апат содан болуы мүмкін» деп хабарлаған еді. Авиация сарапшылары оған күмән келтірген. 

Еске салайық, 25 желтоқсанда Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырады. Бұл – Azerbaijan Airlines әуекомпаниясына тиесілі Эмбраер 190 ұшағы. Алдын ала ақпарат бойынша ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған.

Фото: nais.ru 

Байланысты жаналықтар

Украинада мобилизация мерзімі тағы ұзартылды

16.04.2025

Байден биліктен кеткеннен кейін Трамптың саясатын алғаш рет сынады

16.04.2025

Нигерияда жыл басынан бері безгектен 127 адам мерт болды

16.04.2025

Зеленский: Түркияда Қара теңіздегі қауіпсіздік келіссөзі жүргізіледі

16.04.2025

Ақ үй БҰҰ мен НАТО-ны қаржыландыруды тоқтатуды ұсынды

15.04.2025

Тек әйелдерден құралған экипаж ғарышқа ұшып-келді

15.04.2025
MalimBlocks