Сайлау алдындағы жарыс: Харрис пен Трамп жеті негізгі штатқа назар аударды

Трамп Харриске қарағанда «15 минут артық жұмыс істедім» деген мәлімдеме жасады

Мадина Қайнарова

  • 22.10.2024

АҚШ-та 5 қарашада өтетін сайлаудың алдындағы президенттік кампания аяқталуға шақ қалды. Демократтардан үміткер – вице-президент Камала Харрис пен республикалықтардан үміткер – бұрынғы президент Дональд Трамп күш-жігерлерін тек жеті штатқа бағыттады, онда алдағы сайлаудың нәтижесі анықталуы мүмкін.

Флорида Университетінің жанындағы Сайлау зертханасының мәліметі бойынша, қазіргі таңда 14 миллионнан астам адам мерзімінен бұрын дауыс берген және алдағы күндері сайлаушылардың саны одан да көп болмақ. Елдің барлық 50 штатында мерзімінен бұрын дауыс беру және пошта арқылы бюллетеньдер қабылдау үшін сайлау учаскелері ашылған.

Ұлттық сауалнамалар қазіргі президенттік жарыстың соңғы онжылдықтардағы ең қарқынды жарыстардың бірі екенін көрсетті. Үміткерлердің рейтингі бір-біріне өте жақын, бірақ Харрис қарсыласынан сәл алда келе жатыр.

Айта кетсек, АҚШ-тағы президенттік сайлаудың нәтижелері жалпыұлттық халықтық дауыс беру арқылы емес, Сайлау алқасының дауыс беруімен анықталады. 50 штаттың 48-і барлық сайлау дауыстарын өз штатындағы жеңімпазға береді, ал Небраска мен Мэнде өз дауыстарын Конгресс сайлауы бойынша штатта да, округте де санау нәтижелеріне қарай береді.

Әр штаттағы дауыс саны халық санына байланысты, сондықтан ең үлкен Штаттар жалпы ұлттық нәтижені анықтауда ең үлкен салмаққа ие. Сайлауда жеңімпаз болу үшін 538 дауыстың 270-ін жинаса жеткілікті.

Сауалнамалар Харристің де, Трамптың да 43 штатта айтарлықтай немесе жеткілікті артықшылығы бар екенін көрсетеді. Егер осы Штаттардың бірінде күтпеген жағдай болмаса, онда сайлаудың нәтижесі қалған жеті штатқа байланысты екен – үш солтүстік (Висконсин, Мичиган және Пенсильвания), екі оңтүстік-шығыс (Солтүстік Каролина және Джорджия) және екі оңтүстік-батыс (Аризона және Невада).

Осы жеті штаттағы сауалнамалардың нәтижелерінде статистикалық қателік кетуі мүмкін, бұл барлық жеті штатта сайлау нәтижесін күмәнді етеді.

Сондықтан Харрис те, Трамп та, вице-президенттікке үміткерлер - демократтардан Миннесота штатының губернаторы Тим Уолз және республикалықтардан Огайо штатының сенаторы Джей Ди Вэнс өздерінің назарын осы жеті негізгі штатқа аударып отыр.

Харрис өзінің 60 жылдық мерейтойын жексенбіде Джорджия штатының Стоункрест қаласындағы миссионерлік баптисттік шіркеуде атап өтіп, сол жерде жұртшылықпен кездесіп, сөз сөйледі.  

Бұдан кейін ол Атлантаның оңтүстігіндегі Джонсборо қаласындағы Divine Faith Ministries International-ға барып, жұртшылықты дауыс беруге қатысуға шақырды. Сондай-ақ Харрис азаматтық құқықтар қозғалысының жетекшісі Аль Шарптонмен сұхбат жазуды жоспарлап отыр.

Ал бұл кезде Трамп Пенсильваниядағы McDonald's фаст-фуд мейрамханасына барып, асүйде жұмыс істеді, келушілерге тапсырыс таратты.

Харрис бұған дейін колледжде оқып жүргенде Калифорниядағы McDonald's мейрамханаларының бірінде жұмыс істегенін айтқан. Трамп оның әңгімесіне сенбейтінін жеткізді (Харристің танысы Тhe New York Times газетіне берген сұхбатында оның McDonald's мейрамханасында қалай жұмыс істегенін есіне алған болатын).

Мейрамханаға барғаннан кейін Трамп Харриске қарағанда «15 минут артық жұмыс істедім» деген мәлімдеме жасады.

Сол күні ол Пенсильвания штатының Ланкастер қаласында сайлаушылармен кездесуді жоспарлаған еді.

Харрис енді Пенсильванияда, Мичиганда және Висконсинде сайлауалды кампаниясын өткізбек, ал Трамп Гринвиллге және Солтүстік Каролинаға жол тартады.

Фото: tass.ru

Байланысты жаналықтар

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

17.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

Қазақ жігіт АҚШ прокуратурасында жұмыс істеп жүр

14.05.2025

Қытай мен АҚШ 90 күнге тарифтерді төмендетуге келісті

12.05.2025
MalimBlocks
АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

Қазақ жігіт АҚШ прокуратурасында жұмыс істеп жүр

Ол АҚШ-тың Иллинойс штаты, Чикаго қаласында прокурор көмекшісі қызметін атқарады

Қытай мен АҚШ 90 күнге тарифтерді төмендетуге келісті