"Шексіз бауырластық": Түркістанда 6 елдің әскері арнайы операцияға дайындалуда

Арман Қайыпхан

  • 12.09.2024

Түркістан облысында Әзербайжан, Қазақстан, Катар, Пәкістан, Түркия және Өзбекстан арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің көпұлтты оқу-жаттығуына қатысушылар жауынгерлік міндеттерді зерделеуге кірісті, деп хабарлайды Malim.kz.

Таудағы «Орда» полигонының оқу орындарында арнайы жасақтар тактикалық-атыс, мергендік сайыс, парашюттен секіру және тау дайындығы бойынша практикалық жаттығулар орындайды.

Мұндағы барлық әскери қызметшілер жараланған адамға медициналық көмек көрсету тәсілдерін меңгерген, байланыс құралдарын қолдана алады және кез келген қаруды үздік меңгерген.

Көпұлтты топтар құрамында жауынгерлік жұмыстарда болу әскери қызметшілерге шетелдік әріптестер қолданатын тактикалық әдістерді меңгеруге мүмкіндік береді.

Оқу-жаттығуға қатысушылардың алдында шартты түрде елді мекенде заңсыз қарулы топтың жолын жауып, көзін жою міндеті қойылды. Оны орындау кезінде топтардың ұрыс жағдайына мүмкіндігінше жақын жағдайларда үйлесімді және тиімді әрекет ету қабілеті тексеріледі.

Оқу-жаттығуға қатысушылардың пікірінше, мұндай іс-шаралар контингенттердің жауынгерлік үйлесімді жұмыс деңгейін арттыруға ықпал етеді және өңірде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бірлесіп іс-қимылдар жасау үшін мүмкіндік береді.

Фото: Қорғаныс министрлігі

Байланысты жаналықтар

Трамп 19 мамырда Путинмен сөйлеспек

17.05.2025

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

17.05.2025

Украина қаза тапқан 909 сарбазының мәйітін елге қайтарды

16.05.2025

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

16.05.2025

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

16.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025
MalimBlocks
Трамп 19 мамырда Путинмен сөйлеспек

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

Украина қаза тапқан 909 сарбазының мәйітін елге қайтарды

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған