"Шиеленіс күшейді": Украинадағы қазақстандықтарға үндеу жасалды

Арман Қайыпхан

  • 05.09.2024

Қазақстанның Украинадағы елшілігі қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

Шиеленістің күшеюіне байланысты және қауіпсіздік мақсатында Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан азаматтарына Украина аумағынан кету мүмкіндігін қарастыруды ұсынады.

Украинадан Қазақстанға бару үшін Қазақстан Республикасының азаматтары Польша немесе Молдова арқылы жерүсті бағыттарын пайдалана алады. Ол жаққа жетіп алғаннан кейін әрі қарай коммерциялық әуе қатынасын пайдаланса болады.

"Польша арқылы кеткен жағдайда Қазақстан азаматтарында Шенген визасы болуы қажет. Молдоваға кіру үшін виза қажет емес. Сонымен қатар елшілік барлық азаматтарды әуе шабуылы туралы ескертуге назар аударып, барынша жасырынуға, сондай-ақ қауіпсіздік шараларын сақтауға және ресми органдардың ұсыныстарын орындауға шақырады", - делінген хабарламада.

Елшіліктің консулдық бөлімінің байланыс телефондары: +38 (044) 4831596, +38(044) 4891031.

Қазақстан азаматтарына арналған жедел желі (төтенше жағдайда): +380673470408.

Айта кетейік, күні кеше Украинадағы Полтава әскери институтына баллистикалық зымырандармен екі рет шабуыл жасалып, кемінде 50 адам қаза тапқан болатын. Тағы 271 адам жарақат алды. Сонымен қатар телекоммуникация институтының ғимараттарының бірі жартылай қирап, адамдар үйінділердің астында қалды. 

Фото: Reuters

Байланысты жаналықтар

Ресей Украинаға 200-ден аса дронмен шабуыл жасады

18.05.2025

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

17.05.2025

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

16.05.2025

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

16.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

16.05.2025
MalimBlocks
Ресей Украинаға 200-ден аса дронмен шабуыл жасады

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті