457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

"Шойгудың жақыны": Ресейде Қорғаныс вице-министрі 13 жылға сотталды

Ресейдің бұрынғы қорғаныс вице-министрі Тимур Иванов 13 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді және 100 млн рубль көлемінде айыппұл төлейді. Бұл үкімді 2025 жылғы 1 шілдеде Мәскеу қалалық соты жария етті.

Іс қаржы жымқыру және заңсыз табысты заңдастыру бойынша қаралған.

Сонымен қатар, Иванов мемлекеттік наградаларынан, оның ішінде «Отан алдындағы еңбегі үшін» II дәрежелі орденінен және «РФ Құрметті құрылысшысы» атағынан айырылды. Сот 2,5 млрд рубльдік мүлкін тәркілеу туралы шешім шығарды. Тәркіленген мүлікке Рублевкадағы жер телімдері, автокөліктер паркі және банктік шоттардағы қаражат кіреді.

Тимур Ивановтың қорғаушылары үкімге шағымданатындарын мәлімдеді.

Бұл істе тағы бір айыпталушы — «Оборонлогистика» компаниясының бұрынғы басшысы Антон Филатов — 12 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып, қосымша айыппұлға кесілді.

Иванов бұрынғы министр Сергей Шойгудың ең жақын орынбасарларының бірі болған және Қорғаныс министрлігі жобаларының бас құрылыс жұмыстарын қадағалаған. 2024 жылдың 23 сәуірінде ол 1,185 млрд рубль көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды.

Бұл оқиғадан кейін, мамыр айының басында Шойгу қызметінен босатылды, артынша Қорғаныс министрлігінде бірқатар жоғары лауазымды шенеуніктерге қатысты жемқорлық істері қозғалды. Атап айтқанда, Шойгудың отставкасынан екі күн өткен соң, Қорғаныс министрлігінің кадрлар басқармасының басшысы генерал-лейтенант Юрий Кузнецов та қамауға алынды.

Фото: Russian Defense Ministry Press Service photo via AP/picture alliance