Солтүстік Корея Жапон теңізіне белгісіз зымыран ұшырды

Солтүстік Корея белгісіз баллистикалық зымыран ұшырды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі «Интерфакс» агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл туралы ақпаратты Оңтүстік Корея әскери басшылығы жариялаған.
КХДР бейсенбіде Жапон теңізі бағытына белгісіз баллистикалық зымыран ұшырған. Бұл туралы Оңтүстік Кореяның Біріккен штабтар бастықтары комитеті мәлімдеді, алайда қосымша мәлімет берілмеген.
«Комитет зымыранның ұшырылғанын тіркеді, бірақ егжей-тегжейін хабарламады», – делінген хабарламада.
Еске салайық, Солтүстік Корея кейінгі рет 10 наурызда қысқа қашықта бірнеше баллистикалық зымыран ұшырған болатын. Сол кезде Оңтүстік Корея мен АҚШ көктемгі бірлескен әскери оқу-жаттығуларын бастаған еді.
Фото: mlee@yna.co.kr

Ең көп оқылған
