Таяу Шығыс қанға бөкті: Израиль Ливанға оқ жаудырып жатыр

492 адам қаза тауып, 1645 адам жарақат алған

Malim Админ

  • 24.09.2024

Израиль ресми түрде Ливандағы «Хезболлаға» қарсы кең ауқымды операция бастады! Оған «Солтүстік жебелері» деп ат қойды. Операцияның мақсаты - еврей мемлекетінің шекаралас аудандарын бомбалауды тоқтатып, тұрғындарды елге қайтару.


Израиль армиясы қазірдің өзінде «Хезболланың» 1300 нысанасына шабуыл жасаған. 492 адам қаза тауып, 1645 адам жарақат алған. Бұл ақырғы есептеулер емес. Демек, бұл сандар сәт сайын өзгереді.

Ливанның денсаулық сақтау министрі Фирас Абиад бір аптадан аз уақыт ішінде Израильдің шабуылынан 5 мыңға жуық адам жарақат алғанын айтады. Тек қана пейджерлер мен радиолардың жаппай жарылысы кезінде 3 мыңға жуық адам зардап шеккен. Ливан билігі бұл шабуыл үшін Израильді айыптап отыр.

Кеше Ливандағы «Хезболла» Израильге жауап ретінде, Израильдегі ауқымы жағынан үшінші қала саналатын Хайфаны зымырандармен атқылады. Зымырандардың басым-көпшілігін «Темір күмбез» ӘҚЖ кешендері әуеде қағып түсірген. Хайфа соғыс басталғалы-бері алғаш рет шабуылға ұшыраған. Денсаулық сақтау министрлігі басшысының айтуынша, ливандықтар 1975-1990 жылдардағы азаматтық соғыс аяқталғаннан бері алғаш рет осындай ауқымды шығынға ұшырауда. Ливан премьер-министрі Наджиб Микати Израильдің жаппай шабуылын айыптап, оны «деструктивті жоспардың бір бөлігі» деп атады. Ол БҰҰ-ны «Израиль агрессиясын тоқтатуға» шақырды. Израильдің Ливан аумағындағы операциясы қатысты пікір білдірген Израиль премьері Нетаняху: «Әлі түсінбегендер үшін мен Израильдің саясатын нақтылағым келеді: Біз қауіп күтпейміз, біз одан озамыз. Барлық жерде, әр майданда, кез келген уақытта. Біз жоғары лауазымды командирлерді жоямыз, террористерді жоямыз, зымырандарды жоямыз! Бұл тек бастамасы ғана. Кім бізге соққы беруге тырысса, біз оларға осылай жауап береміз!», - деді.

Нұргелді Әбдіғани 

Фото: trtrussian.com  

Байланысты жаналықтар

Ресей Украинаға 200-ден аса дронмен шабуыл жасады

18.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

16.05.2025

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

16.05.2025

Ердоған: Соғыс Киев пен Мәскеудің тікелей келіссөзі арқылы аяқталуы керек

15.05.2025

Зеленский Анкараға жетті

15.05.2025
MalimBlocks
Ресей Украинаға 200-ден аса дронмен шабуыл жасады

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

Ердоған: Соғыс Киев пен Мәскеудің тікелей келіссөзі арқылы аяқталуы керек

Зеленский Анкараға жетті