TikTok деректерді Қытайға бергені үшін айыппұл төлейді

Арман Қайыпхан

  • 02.05.2025

Танымал TikTok видеоплатформасы Еуропа пайдаланушыларының деректерін Қытай билігіне бергені үшін 530 миллион еуро көлемінде айыппұл төлеуі тиіс, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы 2 мамыр, жұма күні Еуроодақ атынан сөйлеген Ирландияның деректерді қорғау жөніндегі комиссиясы (DPC) мәлімдеді.

TikTok бұл шешімге шағым түсіретінін хабарлады.

DPC төрағасының орынбасары Грэм Дойлдың айтуынша, TikTok компаниясы ЕО аумағындағы жеке деректерді қорғау деңгейіне тең дәрежеде қауіпсіздік кепілдігін қамтамасыз ете алмаған. Ол сонымен қатар TikTok Қытайдың терроризм мен тыңшылыққа қарсы заңдарына сәйкес, Қытай билігінің еуропалық пайдаланушылар деректеріне қол жеткізу қаупін ескермегенін айтты.

DPC бұл істі 2021 жылы тергей бастаған. Тергеу аяқталуға жақын қалған сәуір айында TikTok кенеттен еуропалық пайдаланушылардың деректері Қытайда сақталғанын, бірақ кейіннен жойылғанын мәлімдеген. 530 миллион еуро көлеміндегі айыппұл — комиссия тарихындағы ең ірі жазалардың бірі саналады. Компанияға өз қызметін ЕО талаптарына сәйкестендіру үшін алты ай уақыт берілді.

Фото: IMAGO/Pond5 Images

Байланысты жаналықтар

Қазақстанның сыртқы саудадағы басты үш серіктесі қай елдер?

06.05.2025

30 жастағы мұғалім жұмысбастылықтан көз жұмды

06.05.2025

Қытайдан Қазақстанға полиция формасының ірі партиясы өткізілмек болған

30.04.2025

Қазақстанның жері Қытайға сатылғаны рас па? Үкімет жауабы

28.04.2025

Қазақстан мен Қытай шекарасында тағы да жер сілкінді

22.04.2025

Қазақстанға ең көп турист қай елдерден келген?

21.04.2025
MalimBlocks
Қазақстанның сыртқы саудадағы басты үш серіктесі қай елдер?

30 жастағы мұғалім жұмысбастылықтан көз жұмды

Қытайдан Қазақстанға полиция формасының ірі партиясы өткізілмек болған

Қазақстанның жері Қытайға сатылғаны рас па? Үкімет жауабы

бұл - жалған ақпарат

Қазақстан мен Қытай шекарасында тағы да жер сілкінді

Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі тіркелді

Қазақстанға ең көп турист қай елдерден келген?

Былтыр елге 15,3 млн шетелдік қонақ келген