Трамп 30 мың мигрантты қамайтын орталық құрып жатыр

Трамптың айтуынша, босқындарды өз елдері де қабылдамайды

Malim Админ

  • 30.01.2025

Трамп мигранттарды Гуантанамоға жіберуді көздейді. Кубадағы Әскери-теңіз күштерінің америкалық базасында 30 000-ға жуық мигрантты қамауға алатын  арнайы орталық құрылады. Онда түрме де бар.

Нысанда "америкалықтарға қауіп төндіретін қылмыскерлерді" орналастыру жоспарланған, деп мәлімдеді Трамп.  Айтуынша, кейбіреулері " соншалықты оспадар", сондықтан шыққан елдері олардың оралуын қаламайды.

Трамптың шекараны қорғау жөніндегі комиссары Том Хоман арнайы орталық мигранттарды  ұстауға пайдаланылатынын және алдағы уақытта оны  кеңейтетінін айтты. Гуантанамода мигранттарға арналған түрме бар, ол терроризмге күдікті шетелдіктер үшін қатаң режимдегі колониядан бөлек.

Кубадағы арнайы орталықты 2002 жылы АҚШ-тың сол кездегі президенті Джордж Буш 2001 жылғы 11 қыркүйектегі лаңкестік шабуылға күдікті шетелдік содырларды ұстау үшін құрды. Түрмеде қазір  15 тұтқын отыр.

Американың экс- президенттері Барак Обама мен Джо Байден түрмені жабу туралы бірнеше рет мәлімдеген болатын.  Бірақ олар тек тұтқындардың санын ғана азайтты. Гуантанамодағы түрме тұтқындарды азаптау және олардың құқықтарын бұзу бойынша  жиі аталады. 

Фото: bbc.com    

Байланысты жаналықтар

Украинада мобилизация мерзімі тағы ұзартылды

16.04.2025

Байден биліктен кеткеннен кейін Трамптың саясатын алғаш рет сынады

16.04.2025

Нигерияда жыл басынан бері безгектен 127 адам мерт болды

16.04.2025

Зеленский: Түркияда Қара теңіздегі қауіпсіздік келіссөзі жүргізіледі

16.04.2025

Ақ үй БҰҰ мен НАТО-ны қаржыландыруды тоқтатуды ұсынды

15.04.2025

Тек әйелдерден құралған экипаж ғарышқа ұшып-келді

15.04.2025
MalimBlocks