Трамп АҚШ-та төтенше жағдай жариялады

АҚШ президенті Дональд Трамп елдегі сауда балансының тапшылығы ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретіндіктен, төтенше жағдай енгізілгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Мalim.kz тілшісі.
Ол бұл шешімді барлық импорт тауарға баж салығын енгізу туралы жариялау кезінде айтты. Трамптың пікірінше, бұл мәселенің түп-тамыры АҚШ-тың негізгі сауда серіктестерінің экономикалық саясаты мен жаһандық сауда жүйесіндегі теңсіздіктерде жатыр.
"Мен осы қауіп-қатерге байланысты елде төтенше жағдай жариялаймын", – деді Трамп.
Сарапшылардың айтуынша, АҚШ-тың сауда балансының тапшылығы импорт пен экспорт арасындағы айырмашылыққа байланысты туындаған. Ресми деректерге сәйкес, былтыр ел импорт көлемі экспорттан 1,2 триллион долларға артық болған.
Фото: x.com/WhiteHouse

Самое читаемое
