457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Трамп Илон Маскке субсидиялар бойынша ескерту жасады

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп пен миллиардер Илон Маск арасындағы текетірес қайта өршіді, деп хабарлайды Malim.kz.

2025 жылдың 1 шілдесінде Трамп Truth Social платформасында жариялаған мәлімдемесінде Tesla және Масктың басқа да компанияларына берілген мемлекеттік субсидияларды тексеретінін айтты.

Мұндай мәлімдемеге Илон Масктың Сенатта қаралуы тоқтап тұрған жаңа салық-бюджеттік заң жобасын сынағаны себеп болды.

«Мүмкін, DOGE тиімділік агенттігі Масктың компанияларына көрсетіліп жатқан мемлекеттік қолдауды мұқият тексеріп шығар. Илон тарихтағы кез келген адамнан көп субсидия алып отыр. Бұл қолдау болмағанда, ол өз бизнесін жауып, Оңтүстік Африкаға қайта оралуы мүмкін еді. Ешқандай зымыран, жерсерік, электромобиль өндірісі болмас еді. Ал АҚШ қыруар қаржы үнемдейтін еді», – деп жазды Трамп.

Айта кетейік, Оңтүстік Африка тумасы Илон Масктың бизнес-империясына Tesla, ғарыштық SpaceX, және Starlink спутниктік байланыс жүйесі кіреді.

Фото: Getty Images/C. Somodevilla