457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Трамп: Иранның ядролық нысандары толық жойылады

АҚШ-тың соққысынан Иранның ядролық нысандары толығымен жойылды. Бұл мәлімдемені Америка президенті Дональд Трамп жасады, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі. 


Жоғарыдан қараған кезде ядролық нысандардың жердегінің барлығын шарпығанын ұмытпаңыз. Бәрі түгел өртеніп кеткен. Менің ойымша, бұл толық қирау болды, - деді Америка басшысы НАТО Бас хатшысы Марк Рутпен кездесуінде. 

Трамп америкалық БАҚ-тағы, негізінен өзіне дұшпандық көзқарастағы ақпараттарды сынады. Олар барлау деректеріне сілтеме жасай отырып, Америка Құрама Штаттары Иранның ядролық нысандарын толығымен жоя алмады деп мәлімдеген болатын. 

Бұған дейін Трамптың Нобель сыйлығына ұсынылғанын жазған болатынбыз. 

Фото: © Anna Moneymaker/ Getty Images