Трамп: Мен Ресей халқын жақсы көремін

Арман Қайыпхан

  • 22.01.2025

АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде Ресей президенті Владимир Путинге үндеу жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Мен Ресейге зиян тигізгім келмейді. Мен оның халқын жақсы көремін және радикалды солшылдардың «Ресей, Ресей, Ресей» деп айтқанына қарамастан, менің президент Путинмен қарым-қатынасым өте жақсы болды, деп жазды Трамп.

Біз Ресей Екінші дүниежүзілік соғысты жеңуге көмектескенін ешқашан ұмытпауымыз керек. Олар сол үшін шамамен 60 000 000 адамынан айырылды. Осыны ескере отырып, мен экономикасы құлдыраудың алдында тұрған Ресей мен президент Путинге мол жақсылық жасағым келеді. Қазір келісімге келіңіздер де, бұл мағынасыз соғысты тоқтатыңыздар! БҰЛ СОҒЫС ТЕК УШЫҒА БЕРЕДІ, деп ескертті ол.

Егер біз жақын арада «келісімге» келмесек, Ресейдің АҚШ-қа және басқа елдерге сататын барлық өнімдеріне жоғары салық, тариф пен санкция салуыма тура келеді. Бұл соғысты тоқтатайық, егер мен бұған дейін президент болғанда, ол ешқашан болмас еді! Біз мұны оңай немесе қиын жолмен шеше аламыз, бірақ оңай жол әрқашан жақсы. Келісім жасау уақыты келді. ЕНДІ ЕШҚАНДАЙ АДАМ ҚАЗА ТАППАУЫ ТИІС! деп қорытындылады Трамп.

Фото: Julia Demaree Nikhinson / AP

Байланысты жаналықтар

Украинада мобилизация мерзімі тағы ұзартылды

16.04.2025

Байден биліктен кеткеннен кейін Трамптың саясатын алғаш рет сынады

16.04.2025

Нигерияда жыл басынан бері безгектен 127 адам мерт болды

16.04.2025

Зеленский: Түркияда Қара теңіздегі қауіпсіздік келіссөзі жүргізіледі

16.04.2025

Ақ үй БҰҰ мен НАТО-ны қаржыландыруды тоқтатуды ұсынды

15.04.2025

Тек әйелдерден құралған экипаж ғарышқа ұшып-келді

15.04.2025
MalimBlocks