Трамп пен Зеленскийдің делегациясы Сауд Арабиясында кездесетін болды

Өткен аптада ол Вашингтонға келген Владимир Зеленскийді бейбітшілікке дайын емес деп айыптады

Malim Админ

  • 07.03.2025

Сауд Арабиясында өтетін кездесу туралы Украина президенті Владимир Зеленский мен АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф мәлімдеді. Бұл туралы Euronews-ке сілтеп Malim.kz хабарлайды.  

Брюссельдегі саммитке қатысқан Украина президенті Владимир Зеленский Х әлеуметтік желісінде келесі дүйсенбі күні Сауд Арабиясына «тақ мұрагері ханзадасымен кездесу үшін» баратынын жазды.

Осыдан кейін оның командасы америкалықтармен келіссөз жүргізу үшін Сауд Арабиясында қалатынын да айтты.

— Украина әлемге көбірек үміт артады. Бұған дейін АҚШ президентіне айтқанымыздай, Украина тез әрі сенімді бейбітшілікке жету үшін сындарлы жұмысын жалғастырады, — деп жазды Зеленский.

DW хабарлауынша, АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф Вашингтонда өткен баспасөз мәслихатында Украина делегациясымен келіссөздер Сауд Арабиясында 11 наурызда өтуі керек екенін айтты. Ол кездесуде «бейбіт келісім» шарттарын және атысты тоқтату мүмкіндігін талқылау жоспарланғанын айтты.

Fox News журналисі Джеки Хайнрих бұған дейін АҚШ-тан келіссөздерге Мемлекеттік хатшы Марко Рубио, АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майк Уолтц және Дональд Трамптың Таяу Шығыстағы Арнайы өкілі Стив Уиткофф қатысатынын айтқан болатын. Украинаның атынан Президент Кеңсесінің басшысы Андрей Ермак қатысады.

Естеріңізге сала кетейік, Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты тез арада аяқтау АҚШ президенті Дональд Трамптың сайлауалды уәделерінің бірі болған. Өткен аптада ол Вашингтонға келген Владимир Зеленскийді бейбітшілікке дайын емес деп айыптады.

Ал 5 наурызда Трамп Украина президентінен Владимир Зеленский «тұрақты бейбітшілікке жету үшін» жұмыс істеуге дайын екенін мәлімдеген хат алғанын хабарлады.

Фото: rus.azattyq.org  

 

Байланысты жаналықтар

Украинада мобилизация мерзімі тағы ұзартылды

16.04.2025

Байден биліктен кеткеннен кейін Трамптың саясатын алғаш рет сынады

16.04.2025

Нигерияда жыл басынан бері безгектен 127 адам мерт болды

16.04.2025

Зеленский: Түркияда Қара теңіздегі қауіпсіздік келіссөзі жүргізіледі

16.04.2025

Ақ үй БҰҰ мен НАТО-ны қаржыландыруды тоқтатуды ұсынды

15.04.2025

Тек әйелдерден құралған экипаж ғарышқа ұшып-келді

15.04.2025
MalimBlocks
Украинада мобилизация мерзімі тағы ұзартылды

Байден биліктен кеткеннен кейін Трамптың саясатын алғаш рет сынады

Нигерияда жыл басынан бері безгектен 127 адам мерт болды

Зеленский: Түркияда Қара теңіздегі қауіпсіздік келіссөзі жүргізіледі

Ақ үй БҰҰ мен НАТО-ны қаржыландыруды тоқтатуды ұсынды

Тек әйелдерден құралған экипаж ғарышқа ұшып-келді