Трамп The Wall Street Journal газетін сотқа берді

Трамп The Wall Street Journal (WSJ) газеті мен оның иесі, медиамагнат Руперт Мердокқа қарсы 10 миллиард доллар көлемінде сотқа талап арыз түсірді. Бұл туралы 18 шілдеде Майами сотының ресми базасында жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.
WSJ-да жарық көрген мақалада Трамптың кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық әрекеттері үшін сотталған миллиардер Джеффри Эпштейнге арнап жазды делінген әдепсіз мазмұндағы хат туралы айтылған. Трамп бұл ақпаратты жалған және жала жабу деп есептейді.
Арыз News Corp медиахолдингіне, Dow Jones & Company, WSJ басылымы, Руперт Мердок, медиаменеджер Роберт Томсон, сондай-ақ екі журналистке қарсы бағытталған. Жалпы талап сомасы – кемінде 10 миллиард доллар.
Трамп TruthSocial желісінде:
«Біз WSJ деп аталатын пайдасы жоқ газеттің жалған, арам пиғылды және жала жабатын мақаласын жазған барлық адамдарға қарсы тарихи сот ісін бастадық. Бұл – өз беделінен айырылған басылым авторларына қарсы берілген өте салмақты талап», – деп жазды.
Аталған мақалада Трамп пен Эпштейн арасындағы байланысты меңзейтін ақпараттар жарияланып, бұл АҚШ саясат сахнасында үлкен дау тудырды. WSJ әзірге ресми пікір білдірмеді.
Фото: Alex Brandon/AP/picture alliance

Ең көп оқылған
