Түркияда аза тұту күні жарияланды

Тау-шаңғы демалыс орнындағы өрттен опат болғандар саны 76-ға жетті

Malim Админ

  • 22.01.2025

Түркияның Болу провинциясындағы тау-шаңғы демалыс орнындағы өрттен опат болғандар саны 76-ға жетті. Бұл туралы бауырлас елдің Ішкі істер министрі мәлімдеді,- деп хабарлайды Malim.kz. 

Көз жұмған 52 азаматтың есімі анықталды.  Оқиғаны тергеу барысында 9 күдікті ұсталды. Бүгін Түркияда ұлттық аза тұту күні жарияланды. Түрік жұрты қара жамылды. 

Президент Реджеп Тайип Ердоған қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, кінәлілердің лайықты жазасын алатынына сендірді. 

Өрт туралы хабар жеткен бойда аймаққа министрлер мен жауапты адамдарды жібердік. Қызыл жалынның шығу себебі мен кінәлілерді анықтау үшін тергеу амалдары басталды. Оқиға бүге-шігесіне дейін зерттеліп жатыр. Осы қайғылы оқиғаға себепкер болғандар заң алдында жауап береді. Сыздаған жүрегіміздің жарасын сипаттауға сөз жетпейді. 1 күндік ұлттық аза тұту жарияланды. Бүгін елімізде және шетелдегі өкілдіктерімізде туларымыз төмен түсіріледі",-деді ол.   Өрт Түркия уақытымен шамамен түнгі сағат 3 жарымда демалушылар терең ұйқыда жатқан кезде 12 қабат ғимараттың төртінші қабатындағы асханада тұтанған. Бұл елде қазір мектептерде демалыс. Оның үстіне елде шаңғы тебу маусымы. Қонақүйде 234 адам болған. Билік бастапқыда құрбан болғандар санын 10 кісі деп жариялады.  Өрттің шығу себебін 6 прокурор анықтап жатыр. 9 күдіктінің арасында қонақүй иесі бар. Елдің ішкі істер министрінің айтуынша, өрт себебі 10 күннің ішінде анықталуы керек.

Фото: trt.avaz

 

Байланысты жаналықтар

Таразда көпқабатты үй өртеніп, адамдар эвакуацияланды

07.02.2025

Түркиядағы қазақ студентін жеті түркиялық ұрып-соғып, тонап кетті

03.02.2025

Еліміздің әскери қызметшілері Түркияға аттанды

01.02.2025

"Алматы Аренадағы" өртті сөндіру кезінде төрт бала құтқарылды

25.01.2025

Жезқазғанда мұнай базасында өрт шығып, адамдар зардап шекті

25.01.2025

Қостанай облысында әкімдік ғимараты өртеніп кетті

25.01.2025
MalimBlocks
Таразда көпқабатты үй өртеніп, адамдар эвакуацияланды

Түркиядағы қазақ студентін жеті түркиялық ұрып-соғып, тонап кетті

Оның айтуынша, түркиялық қазақ бауырлар жағдайды әлеуметтік желіде таратқаннан кейін ғана кері байланысқа шыққан.

Еліміздің әскери қызметшілері Түркияға аттанды

"Алматы Аренадағы" өртті сөндіру кезінде төрт бала құтқарылды

Жезқазғанда мұнай базасында өрт шығып, адамдар зардап шекті

Қостанай облысында әкімдік ғимараты өртеніп кетті