457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Украина мен Ресей өкілдері тағы да кездеседі

2 маусымда Стамбұлда Украина мен Ресей өкілдері бейбітшілік келісімі жөніндегі келіссөзге келудің шарттары жөнінде кезекті рет кездеспек. Бұл туралы Azattyq-қа сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды.

Осының қарсаңында Reuters Украина делегациясы Ресей жағына ұсынбақ болып отырған бейбіт бітімге қатысты ұсыныстардың мәтінін жариялады.

Құжат "Келісім мен келіссөздер процесінің негізгі принциптері", "Келесі қадам – атысты тоқтатудың және мемлекет басшылары кездесуінің күн тәртібін келісу", "Атысты тоқтату", "Сенімді нығайту шаралары" және "Көшбасшылар кездесуі" деп аталатын бес бөлімнен тұрады. Мысалы, құрлықта, теңізде және әуе кеңістігінде кемінде 30 күнге атысты толық әрі сөзсіз тоқтату ұсынылған. Бұл бітімнің сақталуына бақылау АҚШ-тың жетекшілігімен, үшінші елдердің қатысуымен жасалады делінген. Бұған қоса "бәрін бәріне" қағидасы бойынша тұтқын алмасу жөніндегі ұсыныс та бар.

Ал Ресей өз ұсыныстарын әлі жария еткен жоқ. Бұған дейін Ресей СІМ Украина бейтарап әрі [НАТО] блогынан тыс ел мәртебесіне ие болсын және орыс тілін қолдануға қатысты заңдардың күшін жойсын деген шартын айтқан болатын. Мәскеу Киевтен Қырым аннексиясын және Украинаның Донецк, Луганск, Херсон мен Запорожье облыстарының басып алынған аймақтарын Ресей бақылайды деп ресми түрде мойындауын талап етіп отыр.

Коллаж: Azattyq.org