Украинаның бұрынғы президентінің ұлы мобилизациядан жалтарды деп айыпталды
Порошенконың үлкен ұлы запастағы лейтенант

Украинаның экс-президенті Петр Порошенконың 39 жастағы ұлы Алексей аумақтық әскерге шақыру орталығына келмегені үшін Украинада іздеу жарияланды.
Украиналық «Заң және бизнес» басылымының хабарлауынша, оған екі рет, яғни 4 қыркүйек пен 21 қазанда шақырту қағазы жіберілген, бірақ ол келмеген. Порошенконың үлкен ұлының запастағы лейтенант әскери шені бар.
Нәтижесінде Печерский аудандық әскери қызметі оны шақыру қағазы бойынша келмегені үшін әкімшілік құқық бұзушылық жасады деп танып, 25,5 мың гривен (323 мың теңгеден астам) көлемінде айыппұл салды. Сондай-ақ қаулыда айыппұл 15 күн ішінде төленбеген жағдайда екі есеге көбейтіліп, мәжбүрлі түрде өндірілетіні айтылған.
Бірқатар украиндық БАҚ Порошенконың ұлдары Алексей мен Михаил Лондонда жұмылдырудан жасырынып жүр деп мәлімдейді. Алайда басқалары Алексей Порошенко әйелі мен екі баласымен Украинадан кетіп қалған деп жазады.
Фото: unian.net
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
