Владимир Мединский Ресей Жазушылар одағының төрағасы болды

Арман Қайыпхан

  • 27.02.2025

РФ президентінің көмекшісі Владимир Мединский Ресей Жазушылар одағын басқарды. Оның кандидатурасы Жазушылар одағының XVII съезінде бекітілді. Басқа кандидаттар болмады, деп хабарлайды Malim.kz dw.com сайтына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Мединскийдің кандидатурасын Ресей Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Николай Иванов ұсынған, ол бұған дейін өз еркімен қызметінен кеткен. Мединскийдің кандидатурасы бекітілгенге дейін делегаттар ұйымның жаңа жарғысын қабылдап, басшылық лауазымның атауын өзгерткен – енді ол "төраға – бірінші хатшы" деп аталады.  

Владимир Мединский 2011 жылға дейін 8 жыл бойы Мемлекеттік Думаның депутаты болды, 2012-2020 жылдары мәдениет министрі қызметін атқарды. Ол "Ресей туралы мифтер" атты кітаптар сериясының, сондай-ақ "Ресей ешқашан берілмеген" және "Мәдени саясат және ұлттық идея" кітаптарының авторы.  

2023 жылы Ресейде 10-11 сыныптарға арналған жаңа тарих оқулығы жарық көрді, оның Украинадағы соғысқа арналған бөлімі бар. Бұл оқулықтың бас авторы – Мединский, бірақ сарапшылар оны тарихшы-дилетант деп санайды. Жаңа төраға бұл оқулықта Украинаны "ультранационалистік" мемлекет деп атап, оқушыларды "шетелдік агенттерге" сенбеуге шақырады.

Фото: Андрей Гордеев / Ведомости

Байланысты жаналықтар

Украинада мобилизация мерзімі тағы ұзартылды

16.04.2025

Байден биліктен кеткеннен кейін Трамптың саясатын алғаш рет сынады

16.04.2025

Нигерияда жыл басынан бері безгектен 127 адам мерт болды

16.04.2025

Зеленский: Түркияда Қара теңіздегі қауіпсіздік келіссөзі жүргізіледі

16.04.2025

Ақ үй БҰҰ мен НАТО-ны қаржыландыруды тоқтатуды ұсынды

15.04.2025

Тек әйелдерден құралған экипаж ғарышқа ұшып-келді

15.04.2025
MalimBlocks