ХАМАС Израильге 4 адамның табытын қайтарды

Арман Қайыпхан

  • 20.02.2025

Газадағы соғысты тоқтату туралы келісімнің аясында ХАМАС Израильге алғаш рет соғыс құрбандарының мәйітін қайтарды, деп хабарлайды Malim.kz ВВС-ге сілтеме жасап.

2023 жылы 7 қазанда қарулы топтың қолына түскен 4 адамның денесі Қызыл Креске табысталып, Израильге жетті. Құрбандардың ішіндегі ең жасы тұтқынға түскен кезде 10 айлық болған Кфир Бибас, оның бауыры Ариель Бибас 4 жаста, шешелері Шири Бибас 32 жаста болған. Бұл отбасының тек әкесі Ярден Бибас қана тірі. Ол 1 ақпанда тұтқыннан босаған.

Төртінші мәйіт журналист, белсенді Одед Лифшицке тиесілі. 80 жастағы белсенді соғыс басталған кезде жұбайы Йохеведпен бірге тұтқынға түскен. Әйел 2023 жылы қазанның аяғында босап шықты. «Одед Лифшиц паленстиндіктердің құқығын қорғаумен айналысқан, соғыс, текетірес идеясына қарсы болып, үнемі көршілерімен тату тұрудың жолын іздеп жүретін» деп еске алады оның отбасы.

Израиль 4 адамның денесін зертханаға жіберді, содан кейін ғана оларды өлді деп ресми жариялайды.

ХАМАС тұтқындардың Израильдің бомбасынан қаза тапқанын айтып, оларды тірі алып қалуға барынша тарысқанын айтты, бірақ израильдік тарап оны мойындаған жоқ.

Келісімнің бірінші кезеңіне сәйкес ХАМАС кепілге алынған 33 адамды босатады, ал Израиль 1900 палестиналық тұтқынды қайтарады. Әзірше Израильге 19 адам берілді. Кепілге алынған 8 адам көз жұмған. Келесі тұтқын айырбастау шарасы 22-ақпанда өтеді. ХАМАС 6 адамды босатуы қажет.
Фото: ВВС

Байланысты жаналықтар

Украинада мобилизация мерзімі тағы ұзартылды

16.04.2025

Байден биліктен кеткеннен кейін Трамптың саясатын алғаш рет сынады

16.04.2025

Нигерияда жыл басынан бері безгектен 127 адам мерт болды

16.04.2025

Зеленский: Түркияда Қара теңіздегі қауіпсіздік келіссөзі жүргізіледі

16.04.2025

Ақ үй БҰҰ мен НАТО-ны қаржыландыруды тоқтатуды ұсынды

15.04.2025

Тек әйелдерден құралған экипаж ғарышқа ұшып-келді

15.04.2025
MalimBlocks
Украинада мобилизация мерзімі тағы ұзартылды

Байден биліктен кеткеннен кейін Трамптың саясатын алғаш рет сынады

Нигерияда жыл басынан бері безгектен 127 адам мерт болды

Зеленский: Түркияда Қара теңіздегі қауіпсіздік келіссөзі жүргізіледі

Ақ үй БҰҰ мен НАТО-ны қаржыландыруды тоқтатуды ұсынды

Тек әйелдерден құралған экипаж ғарышқа ұшып-келді