Харрис Газадағы бітімгершіліктің қажеттілі туралы айтты

Вашингтон Газа секторының тұрғындарына гуманитарлық көмек беріп, Израильмен ынтымақтастық орнатпақ

Мадина Қайнарова

  • 07.10.2024

АҚШ Газадағы шиеленісті тоқтатып, тұтқындарды қайтару бойынша келісімге қол жеткізу мақсатында Израиль мен араб көшбасшыларына қысым жасауды жалғастырмақ. Бұл туралы вице-президент және Демократиялық партиядан президенттікке үміткер Камала Харрис мәлімеді.

- АҚШ Газадағы шиеленісті тоқтатып, тұтқындарды қайтару бойынша келісімге қол жеткізу үшін Израиль мен араб көшбасшыларына жасап отырған қысымын әлсіретпейді, - деді Харрис  CBS арнасына берген сұхбатында.

Вашингтон Газа секторының тұрғындарына гуманитарлық көмек беру және «кепілге алынғандарды босатып, атысты тоқтатуға әкелетін мәміле жасау қажеттілігі» бойынша Израильмен ынтымақтастық орнатпақ.

- Біз Израильге, сондай-ақ араб көшбасшыларын қоса алғанда, бүкіл аймаққа қысым жасауды тоқтатпаймыз, - дейді Камала Харрис.

Ол Иранның Израильді зымыранмен атқылауына қатысты да пікір білдіріп, Израильді мұндай шабуылдардан қорғау үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға міндетті екендерін жеткізді.

Айта кетсек, қазір Израиль аса жоғары дайындықта отыр. Себебі осыдан тура бір жыл бұрын 7 қазанда ХАМАС Израильге шабуылдап, бұл әрекеттері Газадағы соғысқа әкелген болатын.

Енді Израиль өз назарын ХАМАС-тың Ливандағы одақтасы «Хезболлаға» аударып отыр. Иранның «Хезболлаға» қолдау көрсететіні белгілі. Сондай-ақ Израиль Тегеранға зымырандармен жасаған соққылары үшін жауап қайтаруға да уәде берді.

CBS тілшісі Харриске «АҚШ Израильдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуды өзінің нағыз жақын одақтасы ретінде көре ме?» деген сұрақ қойды.

- Оданша, АҚШ пен Израиль халқының арасында маңызды одақ бар ма деп сұраған жөн еді. Бұл сұраққа «бар» деп жауап бере аламын, - деді Камала Харрис.  

Фото және дереккөз: golosameriki.com

Байланысты жаналықтар

Камала Харрис жеңілгенін мойындап, Дональд Трампты құттықтады

07.11.2024

СІМ: Ливаннан 41 Қазақстан азаматы эвакуацияланды

04.11.2024

Иран Израиль шабуылына әлдеқайда күшті жауап қайырмақ

02.11.2024

Пентагон басшысы Мәскеудің Пхеньянмен ынтымақтастығының қауіптілігі туралы ескертті

31.10.2024

АҚШ Сириядағы «Ислам мемлекетінің» лагерьлеріне соққы берді

31.10.2024

Камала Харрис: «Трамп - тұрақсыз әрі билікқұмар адам»

30.10.2024
MalimBlocks
Камала Харрис жеңілгенін мойындап, Дональд Трампты құттықтады

СІМ: Ливаннан 41 Қазақстан азаматы эвакуацияланды

Иран Израиль шабуылына әлдеқайда күшті жауап қайырмақ

Оған сол төңіректегі Израильге қарсы күштер де қосылмақ

Пентагон басшысы Мәскеудің Пхеньянмен ынтымақтастығының қауіптілігі туралы ескертті

Бұл 2,5 жылға созылған қақтығысты ары қарай ұзартып, оған басқа да тараптарды тартуы мүмкін

АҚШ Сириядағы «Ислам мемлекетінің» лагерьлеріне соққы берді

Әскерилердің есебінше, 35 содырдың көзі жойылды

Камала Харрис: «Трамп - тұрақсыз әрі билікқұмар адам»

Ал Трамп «Камала бізді ұятқа қалдырды» деді