Ыстамбұлдағы келіссөздер: Киев өз ұсыныстарын жарияланды

Украина делегациясы 2 маусым күні Ыстамбұлда Ресей тарапына ұсынуға жоспарлаған бейбіт ұсыныстарының мәтіні жария етілді. Бұл құжатты 1 маусым, жексенбі күні Reuters агенттігі таратты.
Киев толық және сөзсіз атысты тоқтату — құрлықта, теңізде және әуеде — диалог бастау үшін басты шарт болуы тиіс деп санайды.
Құжатта сенімділікті нығайту мақсатында келесі қадамдар жасалуы керек деп көрсетілген: заңсыз түрде көшірілген украин балаларының еш шартсыз қайтарылуы, «бәріне-бәрі» принципі бойынша әскери тұтқындармен алмасу, сондай-ақ Ресей тарапынан барлық бейбіт азаматтық тұтқындарды босату.
Сондай-ақ Украинаға халықаралық қауымдастық тарапынан нақты қауіпсіздік кепілдіктері берілуі тиіс екені атап өтілген.
Киев бейтараптыққа мәжбүр болмауы тиіс
Украина ұсыныстарында Киев ешқандай сыртқы қысыммен бейтарап мәртебеге мәжбүр болмауы керектігі жазылған. Украина өз еркімен Еуроатлантикалық қауымдастықтың бөлігі болу немесе Еуропалық Одаққа кіру бағытын таңдай алады.
«Украина Қарулы күштерінің санына, орналасуына және басқа да параметрлеріне, сондай-ақ ел аумағында достас шет мемлекеттердің әскери күштерін орналастыруға шектеу қойылмауы тиіс», – делінген құжатта.
Территория мәселесі
Украина тарапы 2014 жылғы ақпаннан бастап Ресей жаулап алған аумақтарды халықаралық қауымдастық мойындамауы тиіс деп санайды. Қарулы қақтығыстың тоқтау сызығы келіссөздердің бастапқы нүктесі болып, территория мәселесі тек атыс толығымен және сөзсіз тоқтатылғаннан кейін ғана талқылануы қажет.
Санкциялар мәселесі
Құжатта Ресейге салынған кейбір санкцияларды алып тастау мүмкін екені жазылған, бірақ бұл процесс кезең-кезеңімен, қажет болған жағдайда оларды автоматты түрде қайта енгізу (snapback) тетігімен жүзеге асырылуы керек. Ресейдің бұғатталған активтері не Украина қалпына келтіруге жұмсалуы, не репарациялар төленгенге дейін бұғаттаулы күйде қалуы тиіс.
Зеленский мен Путин кездесуі
Киевтің пікірінше, келесі қадам — атысты тоқтату режимі мен Украина мен Ресей президенттері Владимир Зеленский мен Владимир Путиннің кездесу күн тәртібін келісу болуы керек.
Ыстамбұлдағы келіссөздерден кейін тараптар атысты толық және сөзсіз тоқтату, сенімділік шараларын қабылдау және екі ел басшыларының тікелей кездесуін ұйымдастыру бойынша келіссөздерді жалғастыруы қажет.
Киев бұл келіссөздерге АҚШ пен Еуропа елдерінің де қатысуы қажет деп есептейді.
Фото: Francisco Seco/AP Photo/Pool/picture alliance

Ең көп оқылған
