Ыстамбұлдың экс-мэріне қатысты сот жазға қалдырылды

Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоғлуна қатысты сот процестері биылғы жазға шегерілді

Сұлу Бөлек

  • 12.04.2025

Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоғлуна қатысты сот процестері биылғы жазға шегерілді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі dw.com сайтына сілтеме жасап.

Сотқа екі іс бірдей шегерілді: бірі — бас прокурор Агын Гюрлекке "қорқыту" ісі, екіншісі — оның Бейликдүзү ауданында әкім болып тұрған кездегі "тендерлік манипуляция" ісі.

Бірінші іс бойынша сот отырысы 16 маусымда, ал екіншісі 11 шілдеде өтеді.

Еске салайық, Ыстамбұл мэрі мен оның жақтастарын 19 наурызда ұстаған. Олар 4 күн бойы полиция бөлімшесінде болады деп жоспарланған. Имамоғлуға сыбайлас жемқорлық, пара алу және сатып алу істеріне қатысы бар деген айып тағылған.

Мэр мен оның серіктері ұсталғаннан кейін Ыстамбұлда жаппай тәртіпсіздіктердің алдын алу үшін 4 күнге наразылық акцияларына тыйым салынған. Қалада көлік қозғалысы мен кейбір метро желілерінің жұмысы шектелген. Кейін бүкіл Түркия бойынша жаппай наразылықтар басталған. Қазір де бұл шерулер жалғасуы мүмкін деп күтіліп отыр.

Бұған дейін Түркия Бас прокуратурасы Ыстамбұл университетіне Имамоғлуның "бизнес басқару" мамандығы бойынша дипломының түпнұсқалығы мен заңдық күшін тексеру үшін ресми сұрау жолдаған. Себебі Солтүстік Кипрдегі университеттен Ыстамбұлға ауысу кезінде заңбұзушылықтар болуы мүмкін деген күдік бар. Ол кезде аралдағы оқу орны Түркия тарапынан ресми танылмаған. Бұл мәселеге байланысты Имамоғлу түсініктеме берген. 17 наурыз күні Ыстамбұл университеті оның дипломын жарамсыз деп таныған. Бұл шешім оның президенттік сайлауға қатысуына кедергі келтіруі мүмкін.

Фото: turkeytribune

Байланысты жаналықтар

Сот аумағынан қашқан күдікті ұсталды

14.04.2025

Жезқазғанда есірткі жарнамалаған ер адам сотталды

12.04.2025

"Есікті бұғаттап, шығармай қойған": Астанада қыздарға тиіскен такси жүргізушісі жауапқа тартылды

12.04.2025

Темірлан Еңсебек 5 жылға шартты түрде сотталды

11.04.2025

Qnet ісі бойынша сот үкімі шықты

11.04.2025

Ұлының әрекеті үшін анасы сот алдында жауап берді

10.04.2025
MalimBlocks
Сот аумағынан қашқан күдікті ұсталды

Жезқазғанда есірткі жарнамалаған ер адам сотталды

Жезқазғанда ақшалай сыйақы үшін есірткіні жарнамалаған ер адам ұсталды

"Есікті бұғаттап, шығармай қойған": Астанада қыздарға тиіскен такси жүргізушісі жауапқа тартылды

"Есікті бұғаттап, шығармай қойған": Астанада жолаушы қыздарға тиіскен такси жүргізушісі 15 тәулікке қамалды

Темірлан Еңсебек 5 жылға шартты түрде сотталды

Qnet ісі бойынша сот үкімі шықты

Qnet қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастыру ісі бойынша сот үкімі шықты

Ұлының әрекеті үшін анасы сот алдында жауап берді

Жаңаөзен тұрғыны ұлының мектепке жарылғыш зат қойылғаны жөнінде жалған хабар бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды