freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Әлемде мұнай бағасы күрт төмендеді

Экономика
Әлемде мұнай бағасы күрт төмендеді
Ашық дереккөзден

Инвесторлар америкалық акциялар бағасының өсуін күтіп отыр. Бұған Дональд Трамптың Иранмен ықтимал келісім туралы мәлімдемесінен кейін мұнай бағасының күрт төмендеуі себеп болып отыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Ирандағы әскери қақтығыс мұнай жеткізіліміне қатысты қауіптерге байланысты мұнай бағасының күрт өсуіне алып келген еді. Соңғы күндері Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 100 доллардан жоғары бағамен саудаланды. Investing.com дерегіне сәйкес, 23 мамыр күні сауда 104,25 доллар деңгейінде жабылған. Алайда 25 мамырда мұнай бағасы күрт төмендеді.  

Сарапшылардың айтуынша, бағаның төмендеуіне АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранмен ықтимал келісім туралы мәлімдемесі әсер еткен. Бұл Ормуз бұғазы арқылы өтетін маңызды теңіз жолының қайта ашылуына мүмкіндік беруі мүмкін. Аталған бұғаз арқылы әлемдік мұнай жеткізілімінің шамамен бестен бірі тасымалданады.

Осылайша, трейдерлер мұнай жеткізіліміне қатысты ең нашар сценарийдің алдын алуға болады деп болжап, мұнай бағасы төмендеген. Сонымен қатар, сарапшылар бұл жағдай АҚШ долларына да қысым түсіруі мүмкін екенін айтады. Себебі инвесторлар қаржысын алтын мен америкалық облигацияларға емес, акцияларға көбірек сала бастаған.

Мұнай бағасының өзгеруі теңге бағамына да әсер етуі ықтимал. Қазақстан табысының едәуір бөлігін шикізат экспортынан табатындықтан, мұнай бағасының төмендеуі ел кірісінің азаюына алып келуі мүмкін. Дональд Трамп теңіз блокадасы әлі де сақталып отырғанын мәлімдеді. Дегенмен сарапшылар Ормуз бұғазының қайта ашылатыны расталса, мұнай бағасы одан әрі төмендеп, акциялар құны өсуі мүмкін екенін айтады.

Сондай-ақ Дональд Трамп Иранмен ықтимал келісім туралы пікір білдіріп, егер мұндай келісім жасалса, «бұл жақсы әрі дұрыс келісім болады» деп мәлімдеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу