Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Әли Ахмедовтің шаршы алаңға оралатын күні анықталды

Спорт
Әли Ахмедовтің шаршы алаңға оралатын күні анықталды

Екінші орта салмақта өнер көрсеткен қазақстандық кәсіпқой боксшы Әли Ахмедов шаршы алаңға оралады, деп хабарлайды Malim.kz.

29 жастағы қазақстандық 20 қыркүйекте Ирландия астанасы Дублинде жекпе-жек өткізеді. Ахмедовтің бұл жолғы қарсыласы – 32 жастағы франциялық боксшы Пьер Дибомб. Кездесу екінші орта дивизионда (76,2 кг) өтеді және 10 раундқа жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, Әли Ахмедов өзінің соңғы айқасын биылғы мамыр айында өткізді. Әли Ахмедов Детройтта (АҚШ) DAZN бокс кешінде костарикалық Энкарнасьон Диасты нокаутпен ұтқан.

Боксшының еншісінде кәсіпқой бокста 21 жеңіс бар.

Фото: instagram.com/dibombe

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу